07:59 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
4229 0 0

Төтенше жағдайға және Алматыда карантин режимі енгізілуіне байланысты әртісті соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне марқұмның жақындары ғана қатысады

АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. "Дос-Мұқасан" ансамблінің мүшесі, топтың негізін салушылардың бірі Хамит Санбаев дүниеден өтті. Бұл жайында ансамбльдің арт директоры Данияр Құсайынов хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Хамит Санбаев ұзаққа созылған аурудан кеше 78 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ол кісі ансамблдің құрылуына үлкен үлес қосты, сырқатына қарамастан барлық мерейтойға қатысып жүрді",- деді Құсайынов.

Бұрынғы мәжіліс депутаты Камал Бұрханов өмірден озды

Хамит Санбаев Алматы қаласында тұрған. Алайда елдегі төтенше жағдайға және қалада карантин режимі енгізілуіне байланысты әртісті соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне марқұмның жақындары ғана қатысады.

"Қазір бізге министрлік, әкімдіктен хабарласып, шығарып салу рәсіміне көп адам болып жиналмауымызды сұрап жатыр. Біз карантин режимі аяқталған соң, молда шақырып, құран бағыштаймыз деп отырмыз. Мүмкін қырық күндік асын береміз", - деді топтың мүшесі әрі арт директоры Данияр Құсайынов.

"Дос-Мұқасан" тобы1967 жылы құрылған. Ансамбльдің негізін Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Хамит Санбаев, Александр Литвинов қалаған.

Хамит Санбаев 1967-1972 жылдары топтың құрамында өнер көрсеткен, саксафон тартқан.

Тақырып бойынша

Түркістанның бұрынғы әкімі Әліпбек Өсербаев қайтыс болды
"Казахстанская правда" газетінің тілшісі қайтыс болды
Тоқаев белгілі архитектордың отбасына көңіл айтты
Белгілі спорт қайраткері өмірден озды
Академик Алшынбай Рақышев дүниеден озды
Кілт сөздер:
Дос-Мұқасан
Загрузка...

Басты тақырып