Қоғам

Қанша қазақстандық 42 500 теңгені қайтарып бергені белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевТенге
Тенге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылуына байланысты төленетін 42 500 теңге 4 миллион 192 мың 234 қазақстандыққа тағайындалған

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстанда 164 730 азамат өз еркімен 42 500 теңге әлеуметтік төлемді қайтарып берді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінгі таңда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 4 миллион 192 мың 234 қазақстандыққа төлем тағайындады. Ал біздің әріптестер 4 миллион 54 мың 417 азаматтың шотына ақша аударып үлгерді. Айырмашылық үлкен емес, яғни дәл қазір 98 проценті 42 500 теңге алды", - деді Жұманбай Sputnik Қазақстанның Instagram парақшасындағы тікелей эфирде.

Десе де, әлеуметтік жәрдемақы алғандардың кейбірі шотқа түскен ақшаны кері қайтарып берген.

"Қазіргі таңда 164 730 қазақстандық өз еркімен әлеуметтік жәрдемақыны қайтарып берді", деді ол.

Бұған дейін кейбір БАҚ-та 42 500 теңгені заңсыз алғандар қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін деген материалдар жарияланған еді.

Алайда еңбек министрлігі әлеуметтік төлем үшін бірде-бір адам қылмыстық жауапқа тартылмайтынын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0