Қоғам

Елде коронавирус жұқтырғандар саны 2 693 адамға жетті

© Sputnik / Владислав ВодневПробирка с пробой коронавируса и медицинская маска
Пробирка с пробой коронавируса и  медицинская маска - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы мәліметке сәйкес, елде тағы отыз үш адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір - Sputnik. Қазақстанда тағы 33 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

"Нұр-Сұлтанда - 9, Алматыда - 4, Шымкентте - 5, Алматы облысында - 4, Атырау облысында - 10, Павлодар облысында бір адамда COVID-19 расталды", - деп жазылған хабарламада.

Елде барлығы 2 693 адам вирус жұқтырды.

Нұр-Сұлтан– 482, Алматы – 846, Шымкент – 167, Ақмола облысы – 93, Ақтөбе облысы – 55, Алматы облысы – 97, Атырау облысы – 118, Шығыс Қазақстан облысы – 16, Жамбыл облысы – 104, Батыс Қазақстан облысы – 116, Қарағанды облысы – 113, Қостанай облысы – 43, Қызылорда облысы – 177, Маңғыстау облысы – 27, Павлодар облысы – 95, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Түркістан облысы – 108.

Жаңалықтар
0