02:10 02 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD408.61
  • EUR454.09
  • RUB5.86
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (405)
200 0 0

Ұшу барысында жолаушылар жеке қорғаныс құралдарын қолданып, қызуын өлшетіп, тиісті қашықтықты сақтауы қажет

АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы арасында бірінші кезеңде күніне төрт рейс жасау жоспарланып отыр. Әуе компаниялары билет құнын карантинге дейінгі деңгейде ұстауға міндетті. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жағдай түзелген сайын рейс санын және ұшақ сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылады. Әуе тасымалы көліктегі бас санитарлық дәрігер бекіткен күшейтілген санитарлық талаптар арқылы жасалады. Ұшу үшін жолаушыда COVID-19 белгісі жоқ екенін растайтын анықтама болуы керек. Анықтаманың жарамдылық мерзімі пысықталып жатыр",- деді министр.

Сонымен қатар ұшу барысында жолаушылар жеке қорғаныс құралдарын қолданып, қызуын өлшетіп, тиісті қашықтықты сақтауы қажет. Әуежайда және ұшақта күшейтілген дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

Тағы оқыңыз: Қоғамдық көлік қозғалысы қашан жанданады

Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай 11 мамырға дейін ұзартылды.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (405)

Тақырып бойынша

Денсаулық сақтау министрлігі қай жерде бетперде тағып жүру керек екенін айтты
Әкімдіктерге карантин кезінде балалар ойын алаңын ашуға қатысты тапсырма берілді
Қазақстанда 27 сәуірден қандай кәсіпорындар жұмысын бастайтыны белгілі болды
Тағы 44 адамнан коронавирус табылды
Қоғамдық көлік қозғалысы қашан жанданады
Кілт сөздер:
ұшақ, мамыр, министр
Загрузка...

Басты тақырып