Қоғам

Алматыда тағы 90 мыңға жуық адам жұмысқа шығады

© Sputnik / Тимур БатыршинЛюди в масках на улицах Алматы
Люди в масках на улицах Алматы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Іске қосылған кәсіпорындарды кездейсоқ тексеру барысында талаптар орындалмағаны анықталса, әкімшілік шаралар қолданылады

АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Алматыда кешеден бастап бірқатар кәсіпорынның жұмыс қайта жанданды. Қалада бірнеше аптада 90 мыңға жуық адамның жұмысқа шығуы жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл жайында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев брифинг барысында мәлімдеді.

"Алматыда экономика кәсіпорындарын іске қосу 27 сәуірден басталды. Осылайша, қалада көлік және қойма, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салалары кәсіпорындарының, сондай-ақ қала экономикасының басқа салаларындағы ұйымдардың жұмысы толық жаңартылады", – деді Тұяқбаев.

Енді бірқатар ішінара шектеулер алынып тасталады және қаржы секторы компания қызметкерлерінің 50%-іне жұмысқа шығуға рұқсат беріледі.

Бұл екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, брокерлер, сондай-ақ ломбардтар. Ал айырбастау пункттерінің жұмысы бойынша шектеулер әлі алынған жоқ.

Қызмет етуіне рұқсат етілген кәсіпорындарға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау міндеті жүктеледі. Кездейсоқ тексеріс барысында талаптардың орындалмағаны анықталса, әкімшілік шаралар қолданылады, тіпті нысандар жабылуы да мүмкін.

Өтінішті қалай беру керек

Аталған ұйымдардың қызметке кірісуі және қызметкерлердің қалада жүріп-тұруына рұқсат алу infoalmaty.kz базасына мәліметтер енгізілгеннен кейін жүзеге асады. Өтініштер кешеден бастап қабылдануда. Ал өтініш берілген күннің ертеңінде қаралады.

Сонымен қатар қалада қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарды іске қосудың екінші кезеңі аясында ТЖО, шиномонтаж, көлік жуу, сондай-ақ автосалондардың жұмысы да жаңартылады. Алайда бұл тұтынушыларға көлікті сатпай, тек техникалық қызмет көрсетуге рұқсат берілген. Автосалондар мен көлік жуу орындары келушілерді алдын ала жазылу арқылы қабылдайды.

Оқи отырыңыз: Қоғамдық көлік қозғалысы қашан жанданады

Кәсіпорындардың жұмысын жандандыру және аудит жүргізу мәселелері бойынша 8-775-882-52-00, 8-775-882-53-92 нөміріне қоңырау соғып, кеңес алуға болады.

Айта кетейік, мемлекеттік комиссия шешімімен қалада өнеркәсіп және құрылыс саласындағы кәсіпорындар жұмысын іске қосу 20 сәуірден бастап жүргізіліп келеді.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қалада нотариат пен ХҚКО қызметкерлерін қоса алғанда, 39,1 мыңға жуық адам жұмысқа шықты.

Жаңалықтар
0