12:49 29 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR454.18
  • RUB5.81
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
4349 0 0

Белгілі саяси және қоғам қайраткері кеше, 27 сәуірде сексен сегіз жасқа қараған шағында дүниеден озды

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Эрик Гукасовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Назарбаев белгілі саяси және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек ері Эрик Гукасовтың дүниеден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

"Эрик Христофорович мағыналы ғұмыр кешіп, прорабтан Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасарлығына дейінгі еңбек жолында жемісті қызмет атқарды. Ол республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты, жоғары мемлекеттік наградалармен және атақтармен марапатталды. Эрик Христофорович жоғары кәсіби біліктілігімен, өз ісіне деген адалдығымен, адами қасиеттерімен және берік өмірлік ұстанымдарымен ерекшеленді", - делінген жеделхатта.

Эрик Гукасовтың өмірбаяны

Эрик Гукасов 1932 жылы Әзербайжан астанасы Баку қаласында репрессияға ұшыраған отбасында дүниеге келген. Оқуын тәмамдағаннан кейін Оңтүстік Қазақстанға аттанады.

1965 жылы Гукасовқа Шымкентте "Главриссовхозстрой"-дың бас басқармасын құру міндеті жүктелді. Ол басқарманы 1978 жылға дейін басқарған. Гукасов КСРО мелиорация жүйесінде 1974 жылы Социалистік Еңбек ері атағын иеленген жалғыз адам.

Тағы оқыңыз: Белгілі спорт қайраткері өмірден озды

1978 жылы оны министрдің бірінші орынбасары ретінде Мәскеуге ауыстыру туралы шешім қабылданады. Алайда Дінмұхамед Қонаев Эрик Гукасовты Қазақстанда қалдыруға көндіреді.

Дәл сол жылы Эрик Христофорович КазКСР министрлер кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Ол 25 жыл ішінде бес рет ҚазКСР жоғары кеңесінің депутаттығына және бір рет КСРО халық депутаты (1989-1991) болып сайланды.

Зейнетке шыққаннан кейінгі жылдарын Қазақстанда өткізді.

"Орақ пен Балға" медалі және Ленин орденімен қоса Социалистік Еңбек ері атағын алды. Екі Ленин ордені, үш Еңбек Қызыл Ту ордені және Октябрь революциясы орденімен марапатталған.

Тақырып бойынша

Тоқаев белгілі архитектордың отбасына көңіл айтты
Жаңа Зеландиядағы теракт: Назарбаев генерал-губернаторға көңіл айтты
Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ президентіне көңіл айтты
Тоқаев Аманхан Әлімнің отбасына көңіл айтты
Кілт сөздер:
жеделхат, көңіл айту, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып