10:32 13 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (509)
1660 0 0

Диқандар Қазақстан 250 мың тонна қырыққабатты жеп тауыса алмайтынын айтып, бұл өнімді Ресейге апарып сатуға құжат беруді сұрады

АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Түркістан облысының фермерлері қырыққабатты тегін беруге дайын. Карантин шаралары енгізілгендіктен олар өнімді Ресейге жеткізе алмай, шаруалары тоқтап қалған.

"Бізге осы өнімді Ресейге апарып сатуға құжат берсеңіздер екен. Қазақстан бұл қырыққабатты жеп тауыса алмайды. Қырыққабаттың ауқымына қараңыздаршы. Көріп тұрсыз ба? Егер біз мұның бәрін сатпасақ, табысымыздан айырыламыз!", - дейді фермерлер.

Көкөністің шіріп жатқаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

Шаруалар бұл өнімді жоюға тура келетінін айтып, тонна қырыққабатты тегін беруге дайын екендерін айтты, деп хабарлады КТК.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев биыл өңірде 250 мың тонна қырыққабат өсірілгенін және оны шұғыл түрде пайдаға асыру керек екенін айтты.

"Қазір қырыққабат бағасы 10-15 теңгеге дейін төмендеді. Фермерлер үлкен шу көтеріп жатыр. Сондықтан министрлермен бірге қандай шара қолдануға болатынын ойластыру керек. Мүмкін ресейлік логистикалық компаниялармен, өңірлермен келіссөздер жүргізу қажет. Қазір 250 мың тонна қырыққабат пісіп тұр. Оны қалай да орналастыру керек, әйтпесе үлкен мәселеге айналады", - деді облыс әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, сейсенбіде үкіметтің отырысында сауда және интеграция министрі бірқатар мәселені көтерді, оның ішінде қалыпты температураны сақтайтын қоймалардың жоқтығы да айтылды.

"Диқандар шу көтеріп жатыр": Шөкеев Маминнен көмек сұрады 

Оның айтуынша, елде көкөніс сақтау қоймаларының тапшылығы шамамен 70%, ал кей өңірде бұл көрсеткіш 90%-ке жетеді. Бұл өнімді ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндіктің жоқ екенін, соған сәйкес үлкен шығынға әкелетінін көрсетеді.

Сұлтанов көкөністер мен жемістердің шығыны шамамен 19%, ет пен сүт өнімдерінің шығыны 5% екенін хабарлады.

Ол көтерме-тарату орталығының бірыңғай кешенінен ұлттық тауар өндіруші желі құруды ұсынды.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (509)

Тақырып бойынша

"Тапқыр шебер" атанған түркістандық қария ерекше ісімен жұртты таңғалдырып жүр - фото
Түркістан облысында фермерлер атысты: бір адам мерт болып, екеуі жараланды
Төтенше жағдайдың ұзартылуы Қазақстанға қандай қауіп төндіреді
Министрлік азық-түлік бағасын төмендетудің жаңа әдісін ойлап тапты
Загрузка...

Басты тақырып