Қоғам

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 3 138 адамға жетті

© REUTERS / ATHIT PERAWONGMETHAМедсестра помогает коллеге надеть защитный костюм в больнице с коронавирусом
Медсестра помогает коллеге надеть защитный костюм в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елде тағы 33 адамда коронавирус расталды. Жаңа жағдайлар Батыс Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстары мен Алматы және астанада тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір - Sputnik. Қазақстанда тағы 33 адамда коронавирус расталды, деп хабарлады мемлекеттік комиссиянң шұғыл штабы.

"Батыс Қазақстан облысында - 8, Павлодар облысында - 5, Атырау облысында - 4, Алматыда - 11 және астанада тағы бес адам коронавирус жұқтырды", - деп жазылған хабарламада.

30 сәуір таңертеңгі уақытқа дейінгі ақпарат бойынша елде 3 138 адам коронавирус жұқтырды.

Алматы - 937, Нұр-Сұлтан - 621, Қызылорда облысы - 187, Шымкент - 189, Қарағанды облысы - 142, Батыс Қазақстан облысы - 138, Атырау облысы - 135, Павлодар облысы - 127,  Түркістан облысы - 124, Алматы облысы - 122, Жамбыл облысы - 116, Ақмола облысы - 98, Ақтөбе облысы- 65,  Қостанай облысы - 45, Маңғыстау облысы- 45, Солтүстік Қазақстан облысы - 30, Шығыс Қазақстан облысы - 17. 

819 адам жазылып шықты, 25 адам көз жұмды. 

Тағы оқыңыз: Бас санитар дәрігер: мамырдың соңына дейін 5 300 адам COVID-19 жұқтыруы мүмкін

 

 

Жаңалықтар
0