Қоғам

Қазақстанда тағы 67 адам коронавирус жұқтырды

© REUTERS / ANUSHREE FADNAVISВрач в защитном костюме и маске
Врач в защитном костюме и маске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 3 205-ға жетіп отыр. 819 адам жазылып, ауруханадан шықты

АЛМАТЫ, 30 сәуір –Sputnik. Қазақстанда тағы 67адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Нұр-Сұлтан қаласында – 6,Алматы қаласында – 7, Шымкент қаласында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Қызылорда облысында – 11, Маңғыстау облысында – 1, Павлодар облысында – 1,Қостанай облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 8, Ақтөбе облысында – 17,Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында бір адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Еске сала кетсек, кеше, 29 сәуір күні өткен брифингте Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова сәуірдің соңына дейін Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырудың 3 500 жағдайы тіркеледі деген болжам айтты. Ал мамырдың аяғына дейін 5 300-дей болады.

Сондай-ақ, ол COVID-19 вирусына үйрену керектігін жеткізді.

Бас санитар дәрігер карантинді алып тастаса да, коронавирус ешқайда кетпейтінін мәлімдеді. Енді коронавирус маусымдық аурулардың қатарына өтетінін айтты.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 3 205-ға жетті.

Алматы қаласы – 944, Нұр-Сұлтан қаласы – 627, Қызылорда облысы – 198, Шымкент  – 190, Қарағанды облысы – 149, БҚО – 146, Атырау облысы – 135, Павлодар облысы – 128, Түркістан облысы – 124, Алматы облысы – 122, Жамбыл облысы – 116, Ақмола облысы – 99, Ақтөбе облысы – 82, Қостанай облысы – 49, Маңғыстау облысы – 46, СҚО – 30, ШҚО – 20.

Ресми ақпаратқа сәйкес, елімізде індеттен 819 адам жазылды, 25 адам қайтыс болды.

 

Жаңалықтар
0