18:19 11 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1156)
1799 0 0

Коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері, құқық қорғаушылар мен блок-бекеттердегі мамандар тесті тегін тапсырады

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова COVID-19 вирусына қарсы тесттің бағасын жария етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, ақылы тестер бар. Оны әуе қатынасын пайдаланатын азаматтар міндетті түрде тапсырады. Оның бағасы әртүрлі. Бірнеше зертхана бар. Олар бағаны өздері қояды. Құны 11 000 мен 20 000 теңгенің арасында", - деді Қисықова бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясымен күрес шараларына қатысып жатқан мамандар тестті тегін тапсырады. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, құқық қорғаушылар мен блок-бекеттерде жұмыс істейтін мамандар бар. Бұдан бөлек, науқастармен жақын қарым-қатынаста болған азаматтарды да тестілеуден тегін өткізеді.

Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 

Айта кетейік, ертең, 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында әуе рейстері ашылады. Бұдан бөлек, осы екі қаладан Семей мен Өскеменге жолаушылар тасымалданады. Алайда бортқа отыру үшін COVID-19 вирусына тест тапсырып, тиісті анықтаманы алып келу керек.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1156)

Тақырып бойынша

Науқастардың 90%-і коронавирус анықталғандармен байланыста болған – Бекшин
Көптеген дәрігер коронавирустың жоғары жұққыштығын жете бағаламады – вице-министр  
Жеті күнге жарамды анықтама 20 мың теңге: ұшақпен қатынаудың жаңа тәртібі бекітілді
Нұр-Сұлтанда гипермаркет қызметкерінен коронавирус табылды
Тоқаев коронавирусқа қатысты үкіметке шұғыл тапсырма берді
Кілт сөздер:
тест, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып