12:11 13 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1172)
394 0 0

COVID-19 вирусымен ауруханаға түскен шетелдіктер Америка, Ауғанстан, Ресей мен Украина азаматтары

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Елорданың денсаулық сақтау басқармасы коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан шетел азаматтары туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Басқарма басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, осы уақытқа дейін астанада 7 шетелдік COVID-19 вирусымен ауруханаға түскен. Олардың ішінде бес адам жазылды. 

"Бүгінде бесеуі аман-есен ауруханадан шықты. Біреуі үй карантинінде отырса, енді біреуі ол кезеңнен де өтті. Қазіргі кезде екі шетелдік қана ем алып жатыр. Жалпы, барлық жеті адамның ішінде Америка, Ауғанстан, Ресей мен Украина азаматтары болған", – деді Қисықова бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, ауруханада ем-дом алып жатқан екі шетелдіктің жағдайы орташа ауыр. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатып шықты.

"Біреуі – Ауғанстаннан келген әйел, екіншісі – Америка азаматы", – деп атап көрсетті Қисықова.

Оқи отырыңыз: Экпресс-тест: COVID-19 вирусын қалай анықтайды - видео

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1172)

Тақырып бойынша

Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 
Қазақстанда бұрынғы денсаулық вице-министрінде коронавирус расталды
Қазақстанда 820 медицина қызметкерінде коронавирус расталды
Науқастардың 90%-і коронавирус анықталғандармен байланыста болған – Бекшин
Әуежайда коронавирус анықтамасының түпнұсқалығы тексеріледі
Кілт сөздер:
эпидемия, коронавирус, індет
Загрузка...

Басты тақырып