Қоғам

Дәрігер індет кезінде қандай азық-түліктен бас тарту қажет екенін айтып берді

© Sputnik / Абзал КалиевПокупатели в торговом комплексе Magnum Cash & Carry
Покупатели в торговом комплексе Magnum Cash & Carry - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар карантин кезінде ересектер мен балаларға арналған арнайы тамақтану бойынша ұсыныстар дайындаған

АЛМАТЫ, 1 мамыр – Sputnik. Коронавирус пандемиясы кезінде күнделікті мәзірден кондитерлік өнімдер, жоғары сұрыпты ұннан жасалған нан, шұжықтар, майға қуырылған картоп, фаст фудты алып тастау қажет. Сонымен қатар газдалған сусыннан да бас тартқан жөн.

Медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-терапевт, диетолог Екатерина Бурляеваның айтуынша, ағза инфекцияға қарсы тұруы үшін дәрумендер мен минералдарды ішу қажет, деп жазады РИА Новости.

Тамақтану және биотехнология зерттеу орталығының мамандары өзін-өзі оқшаулау және карантин кезінде ересектер мен балаларға арналған арнайы тамақтану бойынша ұсыныстар дайындады. Оны әзірлеу кезінде адам ағзасындағы зат алмасу құбылысы мен нутрицитологияның негізгі заңдары басшылыққа алынды. Ас арқылы келген калорийдің жұмсалуы, әртүрлі асты пайдалану және ағзаға қажетті қоректік заттардың жеткілікті болуы ескерілді.

"Тұз, қант, қаныққан май қышқылдарын тұтынуды азайту керек немесе қанттан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, жоғары сұрыпты ұннан жасалған нан және нан өнімдерін, тәтті газдалған сусындар, шұжықтар, майға қуырылған картоп, фаст фуд сияқты өнімдерді рационнан алып тастау қажет", - деді Бурляева.

Сонымен қатар маман рационаға қарабидай және бидай ұнынан жасалған немесе кебек қосылған нан, жарма, сүт және майлылығы төмен сүт өнімдері, ет, тауық еті, балық, жұмыртқа, өсімдік майы секілді дәстүрлі өнімдерді қосуды ұсынды. Бұдан бөлек, тәуілігіне 400 грамнан кем емес мөлшерде көкөніс пен жеміс жеу керек.

"Өзін-өзі оқшаулау режимі кезінде күйзеліс жағдайындағы ағзаның қорғаныс қызметін арттыру үшін D, A, E, C дәрумендері мен цинк және селен микроэлементтерін ішкен жөн", - деп атап өтті Бурляева.

Оқи отырыңыз: Сингапур ғалымдары Қазақстан індетті қашан жеңетінін болжады

Жаңалықтар
0