Қоғам

Қазақстанда індетті тағы 23 адам жұқтырды

© Sputnik / Владислав ВодневПробирка с пробой на коронавирус
Пробирка с пробой на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 3574 адамға жетті, оның 652-сі Нұр-Сұлтан қаласында, 1143-і Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Қазақстанда коронавирус инфекциясын тағы 23 адам жұқтырды.

Оқи отырыңыз: Бас санитар дәрігердің өкілеттігі кеңейтілді 

"Ақтөбе облысы 5, Атырау облысы 6, Павлодар облысы 3, Түркістан облысы 1, Алматы қаласы 3, Нұр-Сұлтан қаласы 2, Шымкент қаласы 3 науқас тіркелді", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қазақстан бойынша барлығы 3574 адам:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 652,
  • Алматы қаласы – 1143,
  • Шымкент қаласы – 204,
  • Ақмола облысы – 99,
  • Ақтөбе облысы – 114,
  • Алматы облысы – 142,
  • Атырау облысы – 146,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 23,
  • Жамбыл облысы – 136,
  • Батыс Қазақстан облысы – 152,
  • Қарағанды облысы – 151,
  • Қостанай облысы – 50,
  • Қызылорда облысы – 204,
  • Маңғыстау облысы – 55,
  • Павлодар облысы – 145,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
  • Түркістан облысы – 128.

Соңғы мәлімет бойынша індеттен 25 адам қайтыс болып, 899 адам жазылып шықты. 

Жаңалықтар
0