Қоғам

Президент бөгеттің бұзылуы салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды  

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев на совещании по программе "Цифровой Казахстан", 04.03.2020
Касым-Жомарт Токаев на совещании по программе Цифровой Казахстан, 04.03.2020 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Премьер-министр Асқар Мамин мен әкім Өмірзақ Шөкеев мемлекет басшысына ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанда бөгет бұзылып, Қазақстанның екі ауылын су басуына байланысты тапсырма берді.  

"Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін премьер-министр Асқар Мамин мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады",  - деп жазды ол Twitter-де.

Тоқаев сондай-ақ зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырғанын атап өтті.

Түркістан облысының әкімі халықты дүрбелеңге салынбауға шақырды

Бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы бірнеше елді мекенді су басу жағдайы бақылауда екенін айтып, тұрғындарды дүрбелеңге салынбауға шақырған болатын.

Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, 2020 жылдың 1 мамырында таңғы сағат 05:10-да Сардоба су қоймасы бөгетінің төменгі бөлігі шайылып кетуіне байланысты Өзбекстан Республикасының Сырдария облысы Сардоба ауданының аумағында су жайылған.

Негізгі су ағынын азайту үшін өзбек тарапы суару каналдары желісіне шлюзді ашты. Осыдан соң Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекара коллекторлары толып кетті, бұл судың каналдан шығып, Жеңіс және Жаңа Тұрмыс елді мекендерін басып қалуына әкеп соқтырды.

Сырдарияда бөгет бұзылды

Еске сала кетейік, Өзбекстанның Сырдария облысында су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан екі бала көз жұмды, 56 адам түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға түсті.

Бөгеттің бұзылуы салдарынан елді мекендерге, коммуникациялар желілері мен ауыл шаруашылығы жерлеріне үлкен шығын келді. Тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды су басты.

Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ағынды су канал арқылы Арнасай көліне ағызылды. Бөгет бұзылған жерде жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.   

Су қоймасы маңында тұратын 70 мыңға жуық адам қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланды. Эвакуацияланған адамдар тамақпен, дәрі-дәрмекпен, демалуға арналған орындармен қамтамасыз етілді.

Оқиға орнына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келді, үкіметтік комиссия құрылды.

Жаңалықтар
0