Қоғам

Джек Ма Қазақстанға гуманитарлық көмектің екінші партиясын жіберді

© REUTERS  / Медиабанкке өтуОснователь Alibaba Group Джек Ма
Основатель Alibaba Group Джек Ма - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл жолы "Джек Ма" және "Alibaba Group" қорлары 50 016 дана тест жүйесі мен 30 жасанды тыныс алдырту аппаратын жіберген

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Алматыға Қытай миллиардері Джек Ма жіберген гуманитарлық көмектің екінші партиясы жеткізілді, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

"Джек Ма" және "Alibaba Group" қорлары 50 016 дана тест жүйесі мен 30 жасанды тыныс алдырту аппаратын жіберген.

Гуманитарлық жүкті бірыңғай дистрибьютор "СҚ-Фармация" ЖШС қабылдап алды, ол көмекті медициналық мекемелер арасында таратады.

© Photo : ҚР Сыртқы істер министрлігіДжек Ма Қазақстанға гуманитарлық көмектің екінші партиясын жіберді
Джек Ма Қазақстанға гуманитарлық көмектің екінші партиясын жіберді - Sputnik Қазақстан
Джек Ма Қазақстанға гуманитарлық көмектің екінші партиясын жіберді

"ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан үкіметінің атынан "Джек Ма" және "Alibaba Group" қорларына COVID-19 індетімен күрестегі маңызды көмегі үшін алғыс білдіреді", - делінген хабарламада.  

Айта кетсек, осыған дейін 10 сәуірде белгілі қытайлық кәсіпкер Қазақстанға 4,5 тоннадан астам медициналық құралдар (медициналық маска, қорғаныс костюмдер, медициналық қолғап, термометрлер) жіберген болатын.

Жаңалықтар
0