Қоғам

COVID-19 тестінен міндетті түрде өтетін тағы бір топ анықталды

© Sputnik / Тимур БатыршинУчения "Айбалта 2019". Построение подразделений сухопутных войск после завершения учений
Учения Айбалта 2019. Построение подразделений сухопутных войск после завершения учений - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл 17 000-тан астам азаматты әскерге шақыру жоспарланған. Олардың санитарлық нормаларды сақтау шараларына баса назар аударылады

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Биыл әскерге шақырылатын жастардың барлығы коронавирусқа тест тапсыратын болады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі қарулы күштердің бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысы, полковник Сәкен Жүсіпов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жергілікті атқарушы органдар әскерге шақырылатындарды полимеразалық тізбекті реакция бойынша тесттен өткізуі тиіс. Сондай-ақ, азаматтарға хабар жеткізу, медициналық тексерістен өткізу, жинау және әскерге жіберу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық норманың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс", – деді Жүсіпов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, әскерге келетін жастардың санитарлық нормаларды сақтау шараларына баса назар аударылады. Олар оқшау тұрады және қауіпсіздікті сақтайтын болады. Жалпы, биыл 17 000-тан астам азаматты әскерге шақыру жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді

Айта кетейік, биыл төтенше жағдайға байланысты өткен жылы әскерге шақырылғандарды запасқа шығару уақытша тоқатылды. Олар әскери борышын атқаруды жалғастыра береді. Ал әскерге шақырудың биылғы мерзімі маусымнан тамызға ауысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

Жаңалықтар
0