Қоғам

Тоқаев: Сенаторлар сыни пікірлер айтуға құқылы  

Жазылу
Сенат депутаттары елді алаңдататын мәселелер жөнінде өткір ойлар, сыни пікірлер айтуға құқылы, деп санайды президент

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенаттың негізгі міндеті туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сенаттың ең басты міндеті – сапалы заңдарды қабылдау. Мұндай заңдар реформаларға жол ашады, тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етеді. Сенат депутаттары заң жобаларын талқылау кезінде немесе басқа форматтағы басқосулар барысында қоғамымыздағы ең өзекті, елді алаңдататын мәселелер жөнінде өткір ойлар, сыни пікірлер айтуға құқылы. Бұл мәселе бойынша дау жоқ", - деді Тоқаев сенаттың отырысында.

Оқи отырыңыз: Тоқаев сенаттың бұрынғы және жаңа спикері туралы не ойлайтынын айтты 

Отырыс барысында мемлекет басшысы бірқатар маңызды стратегиялық міндетке де тоқталды. Соның ішінде денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, медицина ғылымын дамыту, ұлттық экономиканы әртараптандыру, бизнесті өркендету және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру бар.

"Міне, бүкіл еліміздің алдында тұрған осындай міндеттерді орындау үшін ең алдымен билік тармақтары арасындағы үйлесім қажет. Маңызды реформаларды жүзеге асыруда парламенттің, әсіресе, сенаттың рөлі де, құзыреті де ерекше", - деп түйіндеді Тоқаев.

Жаңалықтар
0