Қоғам

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 4 мыңнан асты адам

© REUTERS / BRIAN SNYDERМедик держит пробирку с анализом на коронавирус
Медик держит пробирку с анализом на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Індетті жұқтырғандардың саны 4028 адамға жетті, оның 701-і Нұр-Сұлтан қаласында, 1317-сі Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 40 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оқи отырыңыз: Бас санитар дәрігер карантинді жеңілдетуге болатынын мәлімдеді 

"Ақмола облысында 1, Алматы облысында 6, Батыс Қазақстан облысында 4, Түркістан облысында 2, Алматы қаласында 26, Нұр-Сұлтан қаласында 1 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы – 4028:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 701,
  • Алматы қаласы – 1317,
  • Шымкент қаласы – 213,
  • Ақмола облысы – 101,
  • Ақтөбе облысы – 160,
  • Алматы облысы – 156,
  • Атырау облысы – 184,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 29,
  • Жамбыл облысы – 154,
  • Батыс Қазақстан облысы – 193,
  • Қарағанды облысы – 159,
  • Қостанай облысы – 50,
  • Қызылорда облысы – 214,
  • Маңғыстау облысы – 74,
  • Павлодар облысы – 150,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
  • Түркістан облысы – 143.

Соңғы мәлімет бойынша індеттен 1134 адам жазылып шығып, 27 адам қайтыс болды.  

Жаңалықтар
0