Қоғам

Тоқаев төтенше жағдай мерзіміне байланысты мәлімдеме жасады

© Официальный сайт Президента КазахстанаТокаев посетил оперативный центр по координации и мониторингу чрезвычайных ситуаций
Токаев посетил оперативный центр по координации и мониторингу чрезвычайных ситуаций - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы елде төтенше жағдай режимі дер кезінде жарияланғанын жеткізді. Бұл коронавирус инфекциясының жылдам таралуын тоқтатып, қоғамда тұрақтылықты сақтауға жол берген

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қандай жағдайда елдегі төтенше жағдай режимі 11 мамыр күні аяқталатынын айтты.

"Егер індет өршіп кетпесе, төтенше жағдай режимі 11 мамыр күні аяқталады", - деді ол "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында.

Президент өз сөзінде Қазақстанда төтенше жағдай дер кезінде жарияланғанын айтты.

"Осындай шаралардың арқасында вирустың жаппай таралуына жол бермей, қоғамдағы тұрақтылықты сақтап отырмыз. Дағдарысқа қарсы шаралар үшін 6 триллион теңгеге жуық қаржы бөлінгенін білесіздер. Ең алдымен, жұмыссыз қалғандарға 42 500 теңге мөлшерінде төлем жасауды ұйғардық. Жалпы, 4,2 миллион адам бұл көмекті алды", - деді президент. 

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы 1 миллиондай мұқтаж жандар азық-түлікпен және қажетті заттармен қамтамасыз етілетінін атап өтті. Ол пандемия бүкіл әлемнің қалыпты тіршілігіне айтарлықтай әсер еткенін жеткізді.

"Індет салдарынан дүние жүзінде экономикалық белсенділік күрт төмендегенін көріп отырсыздар. Шикізат бағасының құлдырауы экономикалық жағдайды қиындататыны анық. Халықаралық валюта қорының пайымдауынша, биыл әлемдік жалпы ішкі өнім едәуір төмендейді. Әрине, мұндай дағдарыстан кейін экономиканы қалпына келтіру оңайға түспейді", -  деді мемлекет басшысы.

Ол шұғыл әрекет етпесе, әлемдік рецессия күрделене беретінін тілге тиек етті.

Жаңалықтар
0