Қоғам

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

© Официальный сайт Президента КазахстанаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы коронавирус індетімен күрестің алдыңғы шебінде жүрген әскери қызметшілер, соның ішінде арнаулы жиындарға шақырылған азаматтар да алғысқа лайық екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті, Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Айбынды армиямыздың даңқты дәстүрі кең-байтақ жерімізді жанқиярлықпен қорғап қалған батыр бабаларымыз бен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өшпес ерлігінен бастау алады. Бүгінде әскеріміз тәуелсіз Қазақстанның берік қалқаны ретінде жауынгерлік шеберлік пен асқақ рухтың озық үлгісін көрсетіп келеді", -делінген құттықтауда.

Тоқаев бұл мерекеде қазақстандықтар өз өмірін Отан қорғауға арнаған, антына адал жандарға ерекше құрмет көрсететінін атап өтті.

Президент мемлекеттік шекара мен әуе кеңістігін күзетіп, армия және флот бөлімшелерінде әскери борышын өтеп жатқан барлық сарбазға шынайы ризашылығын білдірді.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар карантин кезінде Отан қорғаушы күнін қалай атап өтеді

"Коронавирус індетімен күрестің алдыңғы шебінде жүрген әскери қызметшілер, соның ішінде арнаулы жиындарға шақырылған азаматтар да алғысқа лайық. Олардың ерен еңбегі – шынайы патриотизм мен елге қызмет етудің жарқын көрінісі. Мемлекетіміздің қорғаныс әлеуетін күшейту, әскери қызметшілердің өздерін және отбасын қолдау басты міндетіміз болып қала береді", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Президент барлық әскери қызметшіге зор денсаулық, бақ-береке және елдік мүдде жолындағы абыройлы әрі мәртебелі қызметтеріне толайым табыс тіледі.

Жаңалықтар
0