Қоғам

Қазақстанда "5-10-20" бағдарламасы іске қосылады

© Sputnik / Владислав ВодневВ Нур-Султане 11 мая сняли режим ЧП
В Нур-Султане 11 мая сняли режим ЧП - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баспана кезегінде тұрғандардың мәселесін шешу үшін кредиттік тұрғын үймен қамту бойынша "5-10-20" жобасы қолға алынады   

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстанда кредиттік баспанамен қамту бойынша "5-10-20" жобасы іске қосылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқи отырыңыз: 2020 жылы Нұр-Сұлтанда қанша отбасы жеңілдікпен пәтер алады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы бастамашы болған "7-20-25" бағдарламасы тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық кредиттеуге үлкен серпін бергенін атап өтті. Ол осы бағдарламаға ұқсас жаңа жобаны іске қосуды тапсырды.

"Баспана кезегінде тұрғандардың мәселесін шешу үшін кредиттік тұрғын үймен қамту бойынша "5-10-20" жаңа жобасын іске қосуды тапсырамын. Бұл мақсатқа дағдарысқа қарсы қаражат аясында біз 390 миллиард теңге бөлеміз", - деді Тоқаев мемлекеттік комиссияның отырысында.  

Айтуынша, биыл елімізде құрылыстың рекордты көлемі – 15 миллион шаршы метр немесе 150 мың пәтер мен үй салу жоспарланған.

"Азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту жұмысын жалғастыру маңызды. Шын мәнісінде, бұл үкімет жұмысының стратегиялық бағыттарының бірі. Бұл үшін институционалдық құрылымды жаңғырту қажет", - деді президент. 

Тоқаев үкіметке жыл соңына дейін "Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі" АҚ негізінде "Отбасы банкін" құруды тапсырды. Ол тұрғын үйді есепке алу, қою және бөлуді бір орталықтан жүзеге асырады.

Баспана саласындағы маңызды өзгерістердің бірі – қазақстандықтарға зейнетақы жинағын пәтер алуға жұмсауға рұқсат беру.

"Мұндай тапсырманы мен бұған дейін берген болатынмын, алайда төтенше жағдайға байланысты талқылау созылып кетті. Шешім қабылдайтын кез жетті", - деді Тоқаев.

Айтуынша, үкімет 1 шілдеге дейін бір шешімге келуі тиіс.

Жаңалықтар
0