23:31 03 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.77
  • EUR457.91
  • RUB5.77
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (485)
715 0 0

Бүгіннен бастап елде төтенше жағдай режимі аяқталып отыр. Алайда карантин шаралары жалғаса беретіні хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов карантин шараларын жеңілдету жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде карантинді жеңілдету бойынша тұтас бір жоспар жасалды. Оның ішінде маусым айы да бар. Жалпы, карантиндік шараларды жеңілдету бойынша іс-қимыл жоспарын жазып шықтық", - деді Тоғжанов бүгінгі онлайн брифингте.

Айта кетейік, бүгіннен бастап Қазақстан бойынша төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда карантин шаралары жалғаса береді. Қалалардың айналасындағы блок бекеттер қалады. Қалада жұмыс істейтін, бірақ одан тыс жерде тұратындарға кіруге болады. Ол үшін жұмыс берушінің анықтамасы болуы шарт. 

Бұдан бөлек, карантин шараларын жеңілдету аясында бүгіннен бастап аумағы 2 000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік сатпайтын дүкендер, сұлулық салондары мен балаларды дамыту орталықтары ашылады. Саябақта қыдыруға болады. Ал сол жерде ойын-сауық қызметтерін әзірше ашуға рұқсат жоқ. 

Тағы оқыңыз: Үкімет дәмхана мен мейрамханалар қай кезде ашылатынын айтты

Сондай-ақ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін балабақшаларда кезекшілік топтары ашылады. Бірақ барлық санитарлық норма сақталуы шарт. Президенттің шешімімен тағы жеті қалаға әуе рейстері ашылды. Олар - Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Тараз және Талдықорған.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (485)

Тақырып бойынша

42 500 теңгені алғандарға мемлекеттік қолдау көрсетіледі
Тоқаев шенеуніктерге: ақша мен уақытты босқа жұмсауды доғару керек
3 проценттік қолжетімді кредит: президент жаңа қор құруды ұсынды
Балабақшалар ашылады – үкімет түсініктеме берді
Қазақстанда соңғы қоңыраудың қалай өтетіні белгілі болды
Кілт сөздер:
Қазақстан, Үкімет, карантин
Загрузка...

Басты тақырып