Қоғам

Шымкентте коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуПациент перед операцией, архивное фото
Пациент перед операцией, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Барлығы елде Covid-19 салдарынан көз жұмғандар саны 32-ге жетті. Шымкентте алтыншы жағдай тіркеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстанда коронавирустан 32-ші адам қайтыс болды.

"1955 жылғы азаматша Шымкент қаласы, Қаратау ауданының тұрғыны коронавирус індетінен көз жұмды. 65 жастағы әйел 2 мамыр күні жедел-респираторлы вирустық инфекция диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Науқастан зертханалық сынамасы алынып, зерттеу қорытындысы COVID-19 теріс нәтиже берді", - деп жазылған Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта.

6 мамыр күні жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған. Қайта диагностикалық зерттеу қорытындысы жүргізіліп, COVID-19 диагнозы расталды.  Науқаста өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, 3-ші дәрежелі артериалдық гипертензия, семіздік ауруының екінші дәрежесі, созылмалы калькулезді холецистит, созылмалы панкреатит болған.

Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, науқас 11 мамыр күні, сағат 11:55-те қайтыс болды.

Бұл - Шымкент қаласында тіркелген алтыншы жағдай. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Алматыда - 9, Ақмола облысында - 4, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Жамбыл облысында -1, Қарағанды облысында - 3, Қостанай облысында - 1, Маңғыстау облысында -1, Павлодар облысында -2, Маңғыстау облысында бір адам көз жұмған болатын.

Тағы оқыңыз: Елде биологиялық қауіпсіздік кеңесі құрылады

Соңғы ақпаратқа сәйкес, елде 5 160 адамда коронавирус расталды. 2 020 адам індеттен айықты.

Жаңалықтар
0