11:49 29 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR454.18
  • RUB5.81
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (861)
194 0 0

Қазіргі кезде Алматы қаласында 1 622 адамнан коронавирус табылды. Ал 468 адам аурудан жазылып шықты

АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. Алматыда коронавирус індеті бойынша жағдай тұрақталды. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін мегаполисте коронавирус инфекцияcын жұқтырған 26 адам анықталды, кеше 13 адамнан инфекция табылды. Соңғы күндері Covid-19 вирусының оң нәтижелері тек карантиндегі адамдардан анықталды. Жаңа жұқтыру ошақтары жоқ", – деді Әбілдаев.

Алматыдағы стационарларда коронавирус инфекциясынан 1 145 адам, провизорлық госпитальдарда 404 азамат емделіп жатыр. Сондай-ақ, карантинде – 329 адам, ал үйде оқшауланған 15 327 азамат бар.

Стационарлардағы 33 емделушінің жай-күйі – ауыр, 237 адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Әбілдаевтың айтуынша, Алматыда коронавирустан емделіп жатқан науқастардың 77%-інде сырқат жеңіл өтіп жатыр.

"Халықаралық тәжірибеге сәйкес олар емдеуді қажет етпейді, бірақ вирусты тікелей тасымалдаушы болып табылады. Егер үйде тиісті жағдайлар жасалған болса, оларды үй карантиніне жіберу мәселесі қаралады. Ондай мүмкіндік жоқ кезде карантиндік стационарларда болады", – деді басқарма басшысы.

Медицина қызметкерлері қалай емделуде?

Бүгінде 68 медицина қызметкерінде індет жеңіл түрде өтіп жатқандықтан ауруханадан шығарылды. Олар үй жағдайында оқшаулану арқылы ем қабылдауды жалғастыруда.

Үйде емдеу процесі пациенттің жай-күйі туралы тұрақты есеп беру жағдайында өтуі тиіс. Егер өзін нашар сезінген жағдайда дереу дәрігер шақыруы қажет.

"Пациент үйде емделуге шығарылса, бұл оның жай-күйін бақылауды тоқтату деген сөз емес. Ол қоңырау шалу арқылы емхана қызметкерлерінің күнделікті бақылауында болады", – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар олар үйден шықпайтыны жазылған келісімге қол қояды.

"Симптомсыз тасымалдаушыларда коронавирус инфекциясы анықталса, пациент клиникалық тексерулерден өтіп 3 күн бойы бақылауда болады және емдеуге жатқызылады. Содан кейін ғана үй карантиніне жіберілетінін ескеру қажет", – деді Әбілдаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 820 медицина қызметкерінде коронавирус расталды

Айта кетейік, Алматы қаласында 1 622 адамнан коронавирус табылды. Ал аурудан жазылып шыққандар саны 468.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (861)

Тақырып бойынша

Науқастардың 90%-і коронавирус анықталғандармен байланыста болған – Бекшин
Коронавирус жұқтырған вице-министрдің іссапармен қай өңірлерге барғаны айтылды
Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты 
Он алты адам коронавирус індетінен жазылып шықты
Енді ұшақ жолаушыларынан коронавирус анықтамасы талап етілмейді
Кілт сөздер:
індет, Алматы, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып