03:01 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1433310

Сегіз және одан көп баласы бар отбасылар бұрынғыдай жеті бала үшін емес, әр балаға 4 АЕК мөлшерінде жәрдемақы алады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті кәмелетке толмаған сегіз және одан көп баласы бар отбасыларға жаңа жәрдемақы бекітетін заңға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жәрдемақының мөлшері "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңында белгіленген.

Енді көпбалалы ана әр баласы үшін 4 АЕК (11 112 теңге) мөлшерінде жәрдемақы алады.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы кредит алғандарға қатысты тағы бір тапсырма берді

Айта кетсек, биыл 1 қаңтардан кәмелетке толмаған 4 және одан көп баласы бар отбасылар үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған болатын. Алайда жәрдемақы мөлшері жеті баламен шектеліп қалған еді.

  • 4 балаға – 42 496 теңге;
  • 5 балаға – 53 127 теңге;
  • 6 балаға – 63 757 теңге;
  • 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.

Яғни, сегіз және одан көп баласы барлар да 74 388 теңге алып жүрді. Осыдан кейін аналар мұның әділетсіз екенін айтып шағымданды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, Қазақстанда 8-ден 15-ке дейін балалары бар 2 451 отбасы тұрады.

Тақырып бойынша

Төтенше жағдай кезінде жәрдемақы кімге және қалай төленеді
Қазақстанда жәрдемақы мен зейнетақы өседі - Тоқаев тапсырма берді
Жәрдемақы өседі: Тоқаев маңызды заңға қол қойды
Үкімет әлеуметтік жәрдемақы төлеу тәртібін өзгертті
Кілт сөздер:
жәрдемақы, көпбалалы отбасы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып