16:30 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
131 0 0

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев электронды үкіметтегі жаңашылдықтар туралы айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Қазақстандықтарға NCA Layer орнатып, электронды цифрлық қолтаңбаны компьютерде сақтау қажет болмайды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында цифрлық даму министрі Асқар Жұмағалиев айтты.

"Заман ағымына сай мобильді болу қажеттілігін ескерсек, өз өмірімізді смартфонсыз елестете алмаймыз. Сондықтан біз eGov mobile қосымшасын белсенді түрде дамытудамыз. Қазірдің өзінде көп сұралатын 60 қызмет пен сервис қолжетімді. Қосымшадағы ЭЦҚ -ны саусағыңыздың ізімен растап, бір рет басу арқылы құжатқа қол қоюға болады", - деп жазды министр.

Бүл қосымшамен QR-кодты есептеу арқылы eGov порталында авторизациядан өтуге болады.

"Қызмет алушы компьютердің көмегімен eGov порталына кіріп, қызметке тапсырыс бергенде өтінімге қолды eGov mobile мобильді қосымшасы, яғни смартфонындағы QR-код арқылы қол қоя алады. Ол үшін компьютеріңізге NCALayer бағдарламасын орнатудың және ЭЦҚ-ны компьютерде сақтаудың қажеті жоқ", -деді Жұмағалиев.

QR-код арқылы қол қоюға болатын мемлекеттік қызметтердің тізбесін кезең-кезеңмен толықтырылып отырады. QR-код бойынша алғашқы қызметтерді алу мүмкіндігін алдағы айда іске қосу жоспарланған.

Тақырып бойынша

Электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін қалай ұзартуға болады – министр жауабы
Асқар Жұмағалиев жайлы не білеміз?
Жұмағалиев жыл соңына дейін қанша ауыл интернетке қосылатынын айтты  
ЕАЭО аумағында электронды цифрлық қолтаңбалардың  бірыңғай жүйесі құрылуы мүмкін
Кілт сөздер:
қолтаңба, компьютер, электронды үкімет порталы
Загрузка...

Басты тақырып