Қоғам

Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам қайтыс болды

© REUTERS / POOLАурухана палатасындағы медициналық аппаратура
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі пациент те астанада он үшінші мамыр күні қайтыс болды, республикада барлығы 34 адам індеттен көз жұмған

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб. 

"13 мамыр күні коронавирустан 1958 жылғы әйел мен 1977 жылғы ер адам қайтыс болды", - делінген хабарламада. 

Қазақстанда індеттен барлығы 34 адам көз жұмды.

14 мамыр сағат 23:59-дағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырған тағы 118 адам тіркелді (өсім қарқыны – 2,1%), оның ішінде:

  • Ақтөбе облысында – 29 (15,8%),
  • Қостанай облысында – 4 (5,9%),
  • Қарағанды облысында – 8 (3,9%),
  • Атырау облысында – 17 (3,7%),
  • Ақмола облысында – 4 (3,6%),
  • Батыс Қазақстан облысында – 7 (2,6%),
  • Маңғыстау облысында – 3 (2,2%),
  • Нұр-Сұлтан – 25 (2,2%),
  • Шымкент  – 5 (2%),
  • Шығыс Қазақстан облысында – 1 (1,8%),
  • Жамбыл облысында – 2 (1%),
  • Алматы – 11 (0,7%),
  • Алматы облысында – 1 (0,5%),
  • Қызылорда облысында – 1 (0,4%).

Республикада осымен коронавирус диагнозы 5 689 адамда расталды. Ең көбі Алматы қаласында тіркелген – 1689 науқас. 

2531 адам дертінен айығып шықты. 

Жаңалықтар
0