10:28 02 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD408.61
  • EUR454.09
  • RUB5.86
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1246 0 0

Қазақстанда мектепке барып оқу форматы сол күйі қалады. Қашықтан оқыту форматы карантинге байланысты қабылданған мәжбүрлі шара болатын

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Қазақстан мектептерде дәстүрлі оқытудан бас тартпайды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Білім министрі Facebook-тегі парақшасында оқушылардың ата-анасы қол қойып жатқан петициямен танысқанын мәлімдеді.

Президенттің атына жазылған "Мектепте дәстүрлі оқыту форматы қайтарылсын" деген үндеуде қазақстандықтар карантин аяқталғаннан кейін қашықтан оқытуды заңдастыру жоспарына қатысты өз наразылығын білдірген.  

Министр қашықтан оқыту әлемді жайлаған індетке байланысты қабылданған мәжбүрлі шара екенін атап өтті.

Ведомство алдында оқу процесін үзбей, балалар мен мұғалімдердің денсаулығын сақтау міндеті тұрған.

ЮНЕСКО мәліметінше, бүкіл әлемде 1,5 миллиардтан аса оқушы қашықтан оқыту форматына ауысыпты.

"Балалар, ата-аналар, мұғалімдер және министрлік – бәріміз де мектепке барып оқу ең тиімді және ыңғайлы формат екенін түсінеміз. Дәстүрлі оқу формасын ешкім де алып тастамайды. Қашықтан оқыту форматына көшу мәжбүрлі шара болатын", - деді Аймағамбетов.

Министр болашақта барлығы мұндай сын-қатерге дайын болуы керектігін атап өтті, сол себепті ведомство тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.

Тағы оқыңыз: Балабақша мен мектепке қабылдауға қатысты өзгерістер жарияланды 

"Қашықтан оқыту технологияларын дамытып, мектептерді ақпараттандыру жұмысын жүргізу қажет. Мәселен, ауа райына байланысты оқушылардың сабақтан қалып, кейін оқу бағдарламасын қуып жетуге мәжбүр болатын жағдайды алайық. Қосымша мүмкіндік немесе балама ретінде. Немесе денсаулығына байланысты кейбір балалар үйінде оқып жатады", - деді  қашықтан оқыту форматын қай кезде қолдануға болатынын түсіндірген министр.

Аймағамбетов келесі оқу жылы мектепте өтетініне үміттенетінін жеткізді.

Қазақстандық оқушылар коронавирус індетіне байланысты мерзімінен бұрын демалысқа шыққан болатын. 16 сәуірде төртінші тоқсан басталып, оқушылар қашықтан оқыту форматына ауысты.

Осы уақыт ішінде көптеген ата-анадан оқыту сапасына қатысты шағым түскен еді, сонымен қатар, олар өз балаларына сабақ түсіндірген кезде туындаған қиындықтар туралы айтты.

Тақырып бойынша

Аймағамбетов жаңа оқу жылы қашан басталатынын айтты
Аймағамбетов неліктен қашықтан оқытудың сабақ кестесі болмайтынын түсіндірді
"Тоқтатуымыз керек": министр Аймағамбетов жиі көтеріліп жүрген мәселеге нүкте қойды
Білім министрі мектеп директорларын не үшін жұмыстан шығаратынын айтты
Аймағамбетов мұғалімдерді артық жұмысқа тартқандар қалай жазаланатынын айтты
Білім министрі "Күнделікті" электронды үкіметпен салыстырды
Кілт сөздер:
мектеп, Асхат Аймағамбетов, оқушылар
Загрузка...

Басты тақырып