00:57 01 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
628 0 0

COVID-19 вирусын жұқтырғандар қатарында полиция өкілдері мен әскери саланың және басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері бар

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында 29 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды. Олардың қатарындағы 20 науқас Ұлттық ұлан қызметкерлері деп хабарлайды "Мой город" сайты.

15 мамыр күні Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 29 жағдайы тіркелді.

"Вирус жұқтырғаны расталған 29 науқастың 20-сы Ұлттық ұланда еңбек ететін әскерилер. Арасында полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлер де бар. Екі науқастың жағдайы ауыр, біреуі өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әсет Қалиев.

Қалиевтің айтуынша, әскери қызметкерлердің сырқаты скринингтік тексеріс нәтижесінде анықталған.

"Әскерилер бір жерде болған. Сондықтан да олар бірден ауруханаға жеткізіліп, байланыста болғандар дереу оқшауланды", – деді ол.

Жеті науқас Атыраудан келген "Теңізшевройл" ЖШС-нің жұмысшылары болса, қалған екеуі бұрын науқастармен байланыста болған азаматтар.

Оқи отырыңыз: Ұлттық ұлан жауынгерлері елордада түтіндеген үйден тұрғындарды алып шықты

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 224 адамды құраса, олардың 141-і жазылып шықты.

Тақырып бойынша

Ұлттық ұлан сержанты өз өмірін қауіпке тігіп, тұрғын үйді жарылыстан құтқарды
Әскерилер коронавирус індетімен күресуге қауқарлы ма?
Нұр-Сұлтан карантинде: әскерилер қалаға кіретін жолдарды жауып жатыр – видео
Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалып кеткен ер адамды тапты
Президент әскерилер мен полицейлерді марапаттады
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, әскерилер, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып