02:23 26 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.13
  • EUR451.40
  • RUB5.80
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3282 0 0

Ертең, жексенбі күні республикамыздың басым бөлігінде күшті жел тұрып, найзағай ойнап, жауын-шашынды болады

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" таратқан мәліметтерге сүйенсек, 17 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, соңы жауын-шашынға ұласады деп болжануда. 

Дабылды ескерту

Маңғыстау облысында түнде жауын жауып, кей жерлерде найзағай мен бұршақты дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с.

Ақтау қаласында түнде найзағай, жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 18 м/с дейін жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс пен оңтүстіктен жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Петропавл қаласында да оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін күтіледі.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды

Ақмола облысында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен, жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Көкшетау қаласында да найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, түнде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.

Атырау қаласында 17 мамыр күні түнде қатты жаңбыр. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 18 м/с болады деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады. Күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршак жаууы мүмкін.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-сұлтан қаласында күн күркіреп, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +25, түнде + 12.

Алматыда жаңбыр жауады, ауа температурасы күндіз +18, түнде +14 болады.

Шымкентте жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз + 22, түнде +11.

Кілт сөздер:
жауын-шашын, ауа райы болжамы, ауа райы
Загрузка...

Басты тақырып