Қоғам

Қазақстанда 311 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

© AFP 2024 / LUDOVIC MARINСотрудник лаборатории отбирает анализы на коронавирус
Сотрудник лаборатории отбирает анализы на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың басым көпшілігі Атырау облысында тіркелді. 142 адамның тексеру қорытындысы оң нәтиже көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өткен тәулікте елімізде 311 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталып, өсім 4,8% құрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстанның көптеген аймағы мен қалаларында коронавирусты жұқтыру жағдайлары анықталды. Олардың ең көбі Атырау облысында – 142 адамның тексеру қорытындысы оң нәтиже көрсетті", – делінген баспасөз хабарламасында.
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 36 (2,9%)
  • Алматы қаласы – 24 (1,3%)
  • Шымкент қаласы – 31 (7,6%)
  • Атырау облысы – 142 (22,6%)
  • Қостанай облысы – 19 (24,1%)
  • Түркістан облысы – 18 (8,2%)
  • Ақмола облысы – 8 (6,3%)
  • Қарағанды облысы – 13 (5,2%)
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1 (2,6%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 6 (1,9%)
  • Қызылорда облысы – 4 (1,6%)
  • Алматы облысы – 3 (1,4%)
  • Жамбыл облысы – 3 (1,5%)
  • Павлодар облысы – 2 (1,2%)
  • Маңғыстау облысы – 1 (0,6%).

Жалпы, республика бойынша аталған дертпен ауырғандар саны 6 751 адамға жетсе, 3 469 науқас жазылып шықты. Ал індет салдарынан 35 адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0