02:30 26 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.13
  • EUR451.40
  • RUB5.80
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (388)
943 0 0

Төтенше жағдай аяқталса да, елде карантин жалғасып жатыр. Сол себепті алты блок-бекет әлі алынған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр - Sputnik. Елорданың жергілікті полиция қызметі блок-бекеттен өте алатын адамдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қызмет бастығы Ғосман Жакиннің айтуынша, төтенше жағдай аяқталса да, карантин жалғасып жатыр. Сол себепті алты блок-бекет те алынған жоқ. 

"Ол жерде полиция, әкімдік мен денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері санитарлық-карантиндік бақылауды жүргізіп отырады", - деді Жакин бүгінгі онлайн брифингте.

Осы орайда полиция басшысы қаладан шығуға рұқсат берілген адамдардың санатына тоқталды. Олар:

  • Қала тіршілігін қамтамасыз етіп отырған ұйымдардың қызметкерлері;
  • Төтенше жағдайдан кейін жұмысы жанданған ұйымдардың қызметкерлері; 
  • Қаланың сыртындағы үйлерге және сайжайларға шығатындар; 
  • Медициналық жолдамасы бар азаматтар; 
  • Көктемгі егістік жұмыстарына қатысатындар; 
  • Ақмола облысына кіретін Целиноград, Аршалы, Шортанды мен Қорғалжын аудандарының тұрғындары; 
  • Басқа аймақтарда тұрақты тіркеуде тұрған азаматтар;
  • Жерлеу рәсіміне қатысатындар (бес адам мен екі көліктен артық емес, соның ішінде катафалк та бар);
  • Шетел азаматтары;
  • Кәмелеттік жасқа толмаған балаларын алып кетуге және ауырып қалған туған-туыстарын күтуге бара жатқандар; 
  • Астанада тұруға жағдайы жоқ адамдар; 
  • Әуе билеттері бар жолаушылар; 
  • Түркістан облысына су тасқынына қарсы шараларға бара жатқандар;
  • Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары таситын жүк көліктері; 
  • Транзиттік жолаушылар.

Айта кетейік, бұған дейін қала әкімдігі блок-бекеттерден өте алатын адамдардың тізімін астана әкімдігі  жариялаған болатын. Бірақ оның ішінде "астанада тұруға жағдайы жоқ адамдар" болмаған.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (388)

Тақырып бойынша

Карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматының ауасы тазарды ма
Нұр-Сұлтанда қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін - әкімдік мәлімдемесі
Бас санитар дәрігер карантин кезіндегі моншалардың жұмысы туралы айтты
Нұр-Сұлтанда мешіттер мен дәмханалар ашылды – видео
Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары қалай жұмыс істейді
Кілт сөздер:
карантин, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып