Қоғам

Орталық коммуникациялар қызметінің директоры ауысты

© Photo : сайт СЦКОКҚ директоры Руслан Әлішев
ОКҚ директоры Руслан Әлішев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттің өкімімен Талғат Қалиев Орталық коммуникациялар қызметі директоры қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің жаңа директоры болып Руслан Әлішев тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімі Ақорда сайтында жарияланған.

"Руслан Қанатханұлы Әлішев Қазақстан Республикасының президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды", - делінген өкімде.

Бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметін Талғат Қалиев басқарған болатын. Ол бұл қызметке 22 шілдеде тағайындалды.

Руслан Әлішев кім

Руслан Әлішев 2019 жылдың сәуірінен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болды.

Әлішев 1978 жылы 29 шілдеде туған. 2001 жылы Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, ал 2006 жылы Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдады.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанның "Алматы" ауданына жаңа әкім тағайындалды

2014-2016 жылдар аралығында Nur Otan партиясы орталық аппараты саяси жұмыс департаментінде еңбек етті. Ақпарат министрлігі ақпарат комитеті төрағасының орынбасары (01.09.2016-05.2018) қызметін атқарды.

2018 жылдың мамырынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Орталық коммуникациялар қызметін басқарды.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың шілдесінде жаңа Орталық коммуникациялар қызметі пайда болды. Енді оның басшысын президент тағайындайды және қызметінен босатады.

Жаңалықтар
0