Қоғам

Ғалымдар коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты

© REUTERS / MOHAMED AZAKIRЧеловек изготавливает защитные маски
Человек изготавливает защитные маски  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зерттеу жедел респираторлы синдроммен ауырған адамдар коронавирустың жаңа типін жұқтырмауы мүмкін екенін көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Америкалық және швейцариялық ғалымдар 2003 жылы атипиялық пневмония (SARS-CoV вирусынан) өршіген кезде ауырған адамдарды зерттеді. Олардың ағзасы COVID-19-ды жұқтырмайтыны белгілі болды.

Бұған дейін SARS-CoV вирусын жұқтырғандардың ағзасында антиденелер бөлінген. Олар S-ақуызға негізделген. Ал бұл ақуыз жасуша бетіндегі рецепторлар мен коронавирустың түйісуіне жауап береді, деп хабарлайды РИА Новости.

Ғалымдардың айтуынша, мұндай антидене түрлерінің бірі — S309 — SARS-CoV-2 S-ақуызын бейтараптандыра алады. Осылайша, жедел респираторлы синдроммен ауырғандар COVID-19-дың жаңа типін жұқтырмауы мүмкін.

Мұндай антиденелерді COVID-19-дың асқынған түрін емдеуге және алдын алуға қолдануға болатыны айтылды.

Тағы оқыңыз: "Ешқайда кетпейді": бас санитар дәрігер коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Соңғы мәліметке сәйкес, әлемде 4,8 миллион адам коронавирус жұқтырған, 1,7 миллион адам жазылып шықты. 318 мыңнан астам адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0