Қоғам

Мәжіліс митинг туралы заң жобасына сенат енгізген өзгерістерді мақұлдады 

© Sputnik / Тимур БатыршинМитинг 16 декабря в Алматы
Митинг 16 декабря в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Парламенттің жоғары палатасы бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының бірнеше бабына өзгеріс енгізген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаттары "Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасына сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Парламенттің жоғары палатасы бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының бірнеше бабына өзгеріс енгізген болатын. 

Сенат митингке қатысушыларға бетін бүркемелеуге рұқсат беруды ұсынды. Яғни, қатысушыларға денсаулығын сақтау қажет болған жағдайда, жеке қорғаныш құралдарын пайдалануға, мәселен маска тағуға рұқсат беріледі. 

Бейбіт жиналысқа қатысып жатқан адам заңбұзушылық жасаса, ол бейбіт жиналысты тоқтатуға негіз болып табылатын. Енді бұл нормаға да өзгеріс енгізілді. Митинг кезінде қатысушы немесе қатысушылар тарапынан орын алған заңбұзушылық жойылса, митингті әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік беріледі.

© Sputnik / Даурен ЕрболатовАстанада өткен санкцияланған митинг кезінде түсірілген сурет
Мәжіліс митинг туралы заң жобасына сенат енгізген өзгерістерді мақұлдады  - Sputnik Қазақстан
Астанада өткен санкцияланған митинг кезінде түсірілген сурет

Сонымен қатар, тыныс-тіршілік нысандары, көлік пен өзге де инфрақұрылым жұмысының бұзылуы, азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіру сияқты себептер митингті өткізуден бас тартуға негіз бола алмайды. Себебі билік мұндай кедергілерді арнайы орынды белгілеу кезінде алдын ала ескеруі тиіс. 

Бұдан бөлек, сенаторлар астана, республикалық маңызы бар қалалар және облыстардың әкімшілік орталығы, аудандарының орталық бөлігінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың міндетті санын белгілеуді ұсынды. 

"Сенаттың түзетулері мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасы мен мазмұнын өзгертпейді. Керісінше, оның жекелеген нормаларын жақсартуға бағытталған", - деді мәжіліс депутаты Қанат Мусин. 

Мәжіліс бейбіт жиналыстар туралы заң жобасына сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды бірауыздан мақұлдады.

 

Жаңалықтар
0