10:41 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
243 0 0

Ал жүргізушілер Қазақстан аумағынан шыққан кезде, барлық құқық белгілеуші құжатты өзімен бірге алып жүруі тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстандық жүргізушілерге өзімен бірге тек жеке куәлігін алып жүруге рұқсат етілуі мүмкін. Жол сақшылары автокөлікке қатысты қалған құжаттарды талап етпейді. Ішкі істер министрлігі осындай норма енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз жүргізушілерді құқық белгілеуші құжаттарды өзімен бірге алып жүруді міндеттемейтін норма енгізгіміз келеді. Жеке куәлік жеткілікті. Өйткені соның көмегімен біз планшет арқылы оның қандай көлігі барын, сақтандыру полисі қашан аяқталатынын, техникалық бақылаудан қашан өткенін, айыппұлы бар-жоғын тексере аламыз. Бір бума қағазды тасудың не қажеті бар, бір ғана куәлік жетеді", – деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәжіліс отырысында. 

Айтуынша, полицейлердің планшеттері көшедегі бейнебақылау камераларымен интеграцияланады.

"Егер байқасаңыздар, қазір нөмір белгісін тақпаған автокөліктер жоқтың қасы. Себебі нөмірі жоқ көлікті байқаған камера бірден сигнал береді. Осыдан кейін патрульдік полиция жолға шығып, автокөлікті тоқтатады. Министрлік базасында көліктің түр-түсі, нөмірі – бәрі тіркелген. Яғни, біз көліктерді айдап әкету оқиғаларын барынша азайтуға тырысып жатырмыз", – деді ведомство басшысы.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі қашан беріледі

Тұрғымбаев жүргізушілер Қазақстан аумағынан шыққан кезде, барлық құқық белгілеуші құжатты өзімен бірге алып жүруі тиіс екенін атап өтті.

Тақырып бойынша

Армян және қырғыз нөмірлерімен жүрген көліктерді тіркеу жүйесі өзгереді
Саяжайға бару үшін қандай құжат қажет – әкімнің орынбасары түсіндірді  
Қазақстандықтар төлқұжат пен жүргізуші куәлігі үшін қанша төлейтіні белгілі болды
"Жүргізуші куәлігі үшін 20 мың теңге?" ІІМ жауап берді
Кілт сөздер:
көлік жүргізушісі, жүргізуші куәлігі, жүргізушілер, құжаттар
Загрузка...

Басты тақырып