22:06 04 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
87 0 0

Егер заңға өзгеріс енгізілетін болса, мінілген автокөліктердің қосалқы бөлшектерін сату ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстанда пайдаланылған қосалқы бөлшектерді техникалық паспортсыз сатуға заң жүзінде тыйым салынады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол министрлік ішкі саудаға байланысты бірқатар заңнамалық бастама көтергенін атап өтті. Мәселен, өткен жылдың маусымында автокөліктің қосалқы бөлшектерін тек мамандандырылған дүкендерде ғана сату туралы норма енгізілді.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда осы дүкендерде бақылау күшейтіліп жатыр. Енді олардың қызметі ломбард жұмысына ұқсас болған.

"Қосалқы бөлшекті автобазарға өткізбес бұрын, ол осы қосалқы бөлшек алынған автокөліктің техникалық паспорты мен жеке куәлігін көрсетуге міндетті. Яғни, біз базарда қандай пайдаланылған қосалқы бөлшектер сатылғанын, оны кім сатқанын біліп жүреміз", – деп түсіндірді Тұрғымбаев мәжіліс отырысында.

Жақын арада мәжіліске Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске толықтыру енгізіледі.

Оған сәйкес, мінілген автокөліктердің қосалқы бөлшектерін сату ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

Оқи отырыңыз: Көлік салығын "ескі" АЕК-пен төлеуге болады

Тақырып бойынша

Павлодарда мас күйде көлік жүргізген әйелдің төрт баласын алып қойды
Астанада 400 полицей автокөлік базарларын тексеріп жатыр
Қоғамдық көлік қозғалысы қашан жанданады
Қазақстанда шетелден автокөлік әкелуге тыйым салынады
Кілт сөздер:
құжат, автокөлік, көлік ұрлау, көлік
Загрузка...

Басты тақырып