Қоғам

Қазақстандық маман каскадерлік "Оскарға" ұсынылды 

© Sputnik / Анатолий УстиненкоНа киностудии "Казахфильм" идут съемки очередных эпизодов фильма "Томирис"
На киностудии Казахфильм идут съемки очередных  эпизодов фильма Томирис - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол түсіру алаңында Сильвестр Сталлоне, Арнольд Шварценеггер, Брюс Уилллис, Чак Норис, Джет Ли, Джейсон Стетхэм, Таданобу Асано сияқты әлемге танымал актерлармен жұмыс істеген

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр - Sputnik. Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлер академиясының сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жайдарбек Әлемдік каскадерлер академиясының "Таурус" сыйлығы бойынша "Шетел фильміндегі трюктардың үздік қойылымы" аталымында шорт-параққа енді", - деді Nomad Stunts командасының өкілдері. Оны "Томирис" фильміндегі каскадерлік трюктары үшін сыйлыққа ұсынды. 

Осы аталымда "Томирис"-тен бөлек, "Спасти Ленинград" (Ресей, трюк қоюшысы – Сергей Головкин), "Захар Беркут" (Украина, трюк қоюшысы – Павел Авилов), сондай-ақ, Италияның "Римнің алғашқы патшасы" мен Мысырдың "Касабланка" фильмдері бар. 

© Photo : Официальный аккаунт Nomad Stunts в соцсетяхЖайдарбек Күнғожинов "Көшпенді", "Моңғол", "Жаужүрек мың бала", "Анаға апарар жол", "Викинг", "Марко Поло" сериалы және тағы басқа фильмдерде трюк қоюшысы болған
Қазақстандық маман каскадерлік Оскарға ұсынылды  - Sputnik Қазақстан
Жайдарбек Күнғожинов "Көшпенді", "Моңғол", "Жаужүрек мың бала", "Анаға апарар жол", "Викинг", "Марко Поло" сериалы және тағы басқа фильмдерде трюк қоюшысы болған

"Бізді мега-кәсіпқойлармен бірге атап өтіп отыр. Биыл "Таурус" сыйлығына үміткерлердің ішінде "Капитан Марвел", "Джон Уик 3", "Форсаж: Хоббс пен Шоу", "Терминатор: Күңгірт тағдырлар" сияқты фильмдердің трюк қоюшылары бар. Біз үшін үлкен мәртебе", - дейді Nomad Stunts каскадерлері. 

"Таурус" (Taurus World Stunt Awards) –  Әлемдік каскадерлер академиясының жыл сайынғы сыйлығы. Бұл марапат үздік трюктар үшін беріледі. Ал сыйлықты тапсыру салтанаты АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласындағы Paramount" студиясында өтеді. Осы сыйлықты каскадерлік "Оскар" деп атайды. 

Жайдарбек Күнғожинов "Көшпенді", "Моңғол", "Жаужүрек мың бала", "Анаға апарар жол", "Викинг", "Марко Поло" сериалы (1 және 2) және тағы басқа фильмдерде трюк қоюшысы болған. Ал түсіру алаңында Сильвестр Сталлоне, Арнольд Шварценеггер, Брюс Уилллис, Чак Норис, Джет Ли, Джейсон Стетхэм, Таданобу Асано сияқты әлемге танымал актерлармен жұмыс істеген.

Жаңалықтар
0