00:23 02 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD408.61
  • EUR454.09
  • RUB5.86
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
75 0 0

Қаладағы қоғамдық көліктер енді сағат 21:00-ге дейін жүреді. Ал тасымалдау кезінде адам саны автобус орындығынан артық болмауы тиіс

АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. Алматыда қоғамдық көліктің уақыты ұзартылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

21 мамырдан бастап қаладағы автобустар сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

"Жолаушылар бетперде тағып және әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты санитарлық нормаларды қатаң ұстанған жағдайда ғана қоғамдық көлікте қатынай алады. Сондай-ақ, автобус салонындағы жолаушылар саны отыратын орындардың санынан аспауы тиіс", – делінген ақпаратта.

Егер автобустағы барлық орын бос болмаса, жолаушы келесі көлікті күтуі қажет.

"Жолаушылар ағынының айтарлықтай азаюына қарамастан, қала тұрғындарының жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін және аялдамаларда ұзақ уақыт күтпеуі үшін автобустардың 90%-і жолға шығарылды", – деп мәлімдеді әкімдік.

Сонымен қатар жолаушылар саны артқан бағыттарда қоғамдық көлік саны көбейеді. Ал қала маңына қатынайтын автобустардың жұмысын қайта іске қосу жоспарланып отырған жоқ.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда автобус қозғалысы қайта тоқтатылуы мүмкін

Айта кетейік, Алматыда карантин режимі енгізіліп, қалада жолаушылар саны күрт төмендеген болатын. Соған сәйкес, қала билігі қоғамдық көліктің жұмысын толық тоқтатпай, жұмыс уақытына өзгеріс енгізді. Бұған дейін атвобустар таңғы алтыдан кешкі жетіге дейін жұмыс істеді.

Тақырып бойынша

Қоғамдық көлік, сауда орталығы мен дәмхана жұмысына қатысты ақпарат шықты
Коронавирус жұқтырған жолаушыны Шымкентке жеткізген автобус туралы не білеміз
Қарағанды облысында автобус шығаратын зауыт салынады
Қоғамдық көлік қозғалысы қашан жанданады
Түркістан облысында 238 қоғамдық көлік жаңартылды
Кілт сөздер:
Жолаушылар тасымалы, жолаушылар автобусы, жолаушылар, қоғамдық көлік, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып