Қоғам

Карантин жеңілдетілген соң Алматыда көлік қозғалысы 20%-ке артты  

© Sputnik / Тимур БатыршинДвижение на улицах Алматы ограничено во время карантина
Движение на улицах Алматы ограничено во время карантина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалалық полиция департаментінің басшысы тұрғындар карантиннің жеңілдетілуін режимнің аяқталғанымен шатастырып жатқанын айтады

АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. Алматыда карантин режимі жеңілдетілгеннен кейін қаладағы көлік ағыны 20%-ке артты. Бұл жайында Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов, мәлімдеді деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Расында 11 мамырдан бастап қалада көлік ағыны шамамен 20%-ке көбейді",– деді Таймерденов.

Сонымен қатар қала параметрі бойынша қойылған блок бекеттердегі жұмыстың тұрақты екенін, 25 блок бекеттің жұмыс істеп тұрғанын айтты.

"Бақылау-өткізу пунктінің жұмысына қорғаныс министрлігінің әскерилерінен бөлек полиция департаментінің құрамынан 700-ге жуық адам жұмылдырылды. Қаланың периметрі бойынша жұмыс істеп тұрған 25 бақылау-өткізу пунктінің жағдай тұрақты", – деді ол.

Ол брифинг барысында қалада бірнеше күннен бері жалғасып жатқан кептелісті карантин режимінің жеңілдетілуімен байланыстырды.

"Кей азамат карантин режимі жеңілдетілгенін карантиннің тоқтатылуымен шатастырады, сол себепті қалаға кіріп-шығуға тырысады. Бақылау-өткізу пункттерінен тек жедел штабтың арнайы тізіліміне енгізілген азаматтар ғана өте алады", – деді Таймерденов.

Сонымен қатар департамент басшысы тұрғындарға карантин режимінің аяқталмағанын, жүк көлігін қоспағанда әр көлікті тексеруге уақыт кететінін атап өтті.

"Осыған байланысты азаматтарды үйден негізсіз шықпауға шақырамыз. Бұл шаралардың барлығы да олардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне бағытталған. Жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", – деді полиция департаментінің басшысы.

Тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылады

Таймерденовтің айтуынша, карантин кезеңінде төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 2 294 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін күн сайын 2 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның сарбаздары патрульдік жұмыстарға қатысады. Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін полиция қызметкерлері, СЭС және әкімдік өкілдерімен бірлесіп қоғамдық көліктерде рейдтер жүргізеді", – деді ол.

Ал тексеру кезінде жүргізушілер мен жолаушыларға карантин режимін сақтау, бетперде кию және әлеуметтік арақашықтықты сақтау туралы түсіндіру жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында бақылау бекеттерін алып тастайды: өңірде тағы не өзгереді

Айта кетейік, блок бекеттерде "Сергек" бейнебақылау камералары орнатылған. Сол арқылы құқық бұзушылық анықталып, оларды жауапқа тартуға мүмкіндік бар.

Жаңалықтар
0