01:35 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
327 0 0

Бас прокуратураның ішкі тергеу департаменті қызметтік тексеріс жүргізіп, тиісті шараларды қолға алды

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Төтенше жағдай кезінде саунада әріптестерімен және судьямен бірге демалған Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев жұмыстан қуылды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға бас прокурордың аға көмекшісі Александр Ким растады.

"Ақпаратты растаймыз, ол шеттетілген жоқ, жұмыстан шығарылды", - деді Ким.

Саунадағы атышулы видео

Мамыр айының басында желіде Жаркенттегі саунада түсірілген видео тарады. Автор төтенше жағдай кезінде саунада әріптестерімен бірге қалай демалып жатқанын көрсетті. Прокурордың қасында Алматы облысы аудандық сотының судьясы болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Осы оқиғадан кейін бас прокуратура қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді.

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Сейітовтің өкілеттігін тоқтатты.

Тақырып бойынша

Балақайдың айнадағы бейнесі өздігінен қозғала бастады – атышулы видео
"Өзге ұлтта дұшпаным жоқ, қазақтардың ісі": танымал актер атышулы видео жайлы айтты
Нанды басып, сарқыт жинаған: атышулы видео қайда түсірілгені анықталды
Кілт сөздер:
Бас прокуратура, видео, прокурор
Загрузка...

Басты тақырып