05:42 02 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD408.61
  • EUR454.09
  • RUB5.86
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
133 0 0

Ұлттық кеңес мүшелері Қазақстандағы адам капиталы мен білім беру саласын дамыту мәселелерін талқылайды

АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 27 мамырда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысын өткізеді. Бұл туралы президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин хабарлады.

"Алдағы отырыс онлайн форматта өтеді, басқа аймақтардан қосылу мүмкіндігі қарастырылған. Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша, алдағы отырыс адам капиталын дамытуға арналады. Атап айтқанда, білім беру саласын дамыту мәселелері қаралады", - деп жазды Қарин Telegram каналында.

Оқи отырыңыз: Тоқаев ұлттық кеңестің мүшелері неге ауысқанын түсіндірді 

Айтуынша, 2020 жылдың ақпанынан бастап Ұлттық кеңес мүшелері Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту бойынша ұсыныстарды пысықтап жатыр. Олар алдағы отырыс барысында қаралады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы қызметіне кіріскеннен кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы бастама көтерді. Маусымда кеңес құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Тоқаев атап өткендей, жаңа орган билік пен қоғам арасында диалог құру үшін құрылды.

Кеңестің бірінші отырысы 2019 жылы 6 қыркүйекте, екінші отырысы 20 желтоқсанда өтті.

Кеңестің негізгі мақсаты – қоғам, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдерімен мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды кеңінен талқылау.

Ұлттық кеңестің құрамына мемлекеттік қызметшілер, қоғам қайраткерлері, журналистер мен саясаттанушылар кірді. Кеңесті мемлекет басшысы басқарады.

Тақырып бойынша

"Жағдай өзгеріп жатыр": Назарбаев Донақовты қабылдады
Қазақстанда парламенттік оппозиция институты пайда болады
Тоқаев билік кез келген оң өзгерістерге дайын екенін мәлімдеді
"Мен ондай адам емеспін": Арман Шораев ұлттық кеңестен неге кеткенін айтты
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қоғамдық кеңес
Загрузка...

Басты тақырып