22:41 09 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
373 0 0

Министрлер елдердегі эпидемиологиялық жағдай қолайлы болса әуе рейстерін жандандыру мүмкіндігін қарастырды

АЛМАТЫ, 23 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы маусымда жандануы мүмкін. Бұл мәселені Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоглу телефон арқылы талқылады.

"Министрлер елдердегі эпидемиологиялық жағдай қолайлы болса әуе рейстерін маусым айының үшінші онкүндігінде жандандыру мүмкіндігін қарастырды. Тиісті санитарлық нормалар сақталады", - деп жазылған индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.

Сондай-ақ, тараптар ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында көлік саласындағы әріптестік қорытындысын сөз етті.

Атамқұлов пен Караисмаилоглу теміржол тасымалы саласындағы өсім 10 процент болғанын айтты. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 239 мың тонна.

Автокөлікпен тасымалданған тауарлар үлесі 42%-ке артқан. Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүзеге асырылатын жүк тасымалының көлемі екі есеге өсті. Жыл басынан бері бұл бағыт бойынша 7,4 мың контейнер тасымалданды.

Тақырып бойынша

Табыс күрт азайды: Қазақстанның әуе тасымалына мемлекет қандай қолдау көрсетеді
Нұр-Сұлтан мен Алматыдан бірқатар қалаға әуе қатынасы жанданды
Енді ұшақ жолаушыларынан коронавирус анықтамасы талап етілмейді
Есмағамбетова: Ұшақта ешкім науқас адамның жанында отырғысы келмейді
"Жұрт дүрлігіп, жылады": ұшақта болған кәсіпкер апат кезінде не болғанын айтты
Кілт сөздер:
әуе қатынасы, Түркия, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып