14:00 06 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.35
  • EUR496.08
  • RUB5.73
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
877 0 0

Қазақ эстрадасы әншілерінің бірқатары Димашқа ақ тілегін арнады. Оның ішінде Мақпал Жүнісова, Сәкен Майғазиев, Қыдырәлі Болманов, Төреғали Төреәлі бар

АЛМАТЫ, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 24 мамырда 26 жасқа толды. Соған орай әншінің әріптестері мен тыңдармандары құттықтау хаттарын жолдап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Алғашқылардың бірі болып Димаш Құдайбергенді әкесі Қанат Айтбаев пен анасы Света Айтбаева Instagram-да құттықтады.

"Ғұмырың ұзақ, бақытты болғай, Ақ Диком! Алар асуларың биік, тұғырың берік болсын! Армандарың орындалғай! Туған күніңмен!", - деп жазды Айтбаевтар.

Әншінің өзі туған күнінде ата-анасына құттықтау жолдады.

"Менің 26-шы туған күнім келді. Ата-анамды менің туған күнімен құттықтаймын", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Қазақ эстрадасы әншілерінің бірқатары Димашқа ақ тілегін арнады. Оның ішінде Мақпал Жүнісова, Сәкен Майғазиев, Қыдырәлі Болманов, Төреғали Төреәлі бар.

"Алты құрлыққа алты алаштың атын аспандатқан ардақты ұл, туған күніңмен! Әуен көгінде әуелей бер, әлем әншісі", - деп жазды Майғазиев.

Ал әнші Төреғали Димаштың соңғы 2-3 жылдағы жетістігіне баға берді.  

"Димаш – көп айтуды, артық таныстыруды қажет етпейтін азамат. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі имиджіне жүздеген жоба, миллиондаған, миллиардтаған ақша салынды, салынып жатыр. Әрине, мемлекеттің ол жұмысы да нәтижесіз емес, десе де соңғы екі-үш жылдағы Димаштың шыққан биігі біздің елімізді қандай биікке көтергенін бәріміз көріп отырмыз", - деп жазды Төреғали.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 𝐓𝐎𝐑𝐄𝐆𝐀𝐋𝐈 𝐓𝐎𝐑𝐄𝐀𝐋𝐈 (@toregalitoreali)

Ол Францияда өнер көрсеткен Әміре Қашаубаев пен Ла Скалада ән салған Амангелді Сембинді мысал етті.

"Жиырмасыншы ғасырда Әміре атамыздың Францияда өнер көрсетуі, қазақ әнінің кереметіне әлем халқын ұйытып, тыңдатуы бір құбылыс болды, бірақ ол кезде біз бодандық бұғауында бұлқынып өз мүмкіндігімізді толық көрсете алмадық. Ақыры сол сапары қайталанбас әншінің басына сор болып жабысып, тағдырын тәлкекке салған деседі. Ла Скалада ән салған тұңғыш қазақ – Амангелді Сембин еді. Өкінішке қарай ол ағамыз да қарымын толық жаза алмай, көп арманы ішінде қалды. Саяси жағдайлар араласып кеткенге ұқсайды. Енді жиырма бірінші ғасырда жарқ етіп, әлем аспанын ән шұғыласына бөлеп, анау-мынау адамның басы айналатын биікке көтерілген Димаш бауырымыз болды", - деп жазды әнші.

Димашты өзімен және әнші Қайрат Нұртаспен салыстыратындарға да тоқталды.

"Димашты сырттай менімен, Қайратпен салыстырып, аракідік от салып отыратын пікірлерді көріп қалып, қынжылып қаламын. Қайрекең екеуміз де Димаш бауырымыздың және сол сияқты еліміздің талантты ұл-қыздарының тек тілеуқор, жанашыры екеніміз Аллаға аян. Ешқашан бақ таластырып, бақастық туралы ойлап көрмеппіз. Бүгінгі туған күнің құтты болсын, Димаш! Алла жолыңды ашық қылсын, бауырым!", - деп жазды ол.

Ал әнші Қыдырәлі Болманов ақжарма тілегін білдірді.

"Туған күнің құтты болсын, бауырым! Алла тіл-көзден, кесапат-қырсық, бәле-жаладан, ауру-сырқаудан, қауіп-қатерлерден пана болсын, сақтап жүрсін! Қазақ елі өзіңе тілектес. Екі өмірдің абырой, бақытын нәсіп етсін", - деп жазды Болманов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы театр директоры Асхат Маемиров те Димашты құттықтап, бірге түскен фотоларын жариялады.

Тақырып бойынша

Димаш Құдайберген Еуропаға гастрольдік сапарын тоқтатты
"Өзгеріп кеткен": Димашпен суретке түскен Иманғали Тасмағамбетовті жұрт танымай қалды
Рига әуежайында жанкүйерлер Димаш Құдайбергенді қазақша әнмен қарсы алды  
Димаш Құдайберген Кремльде жаңа әннің тұсауын кесті – видео
Димаш тағы бір талантымен жанкүйерлерін тәнті етті – видео
Кілт сөздер:
туған күн, Димаш Құдайберген
Загрузка...

Басты тақырып