00:12 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
199 0 0

Карантиндік режимге байланысты ұлттық табиғи парк аумағына өтуге тыйым салынғандықтан, жиынға қатысушылар айналма жолдар арқылы өткен

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Алматының таулы аймағындағы Көк Жайлауда өткен сауық кешіне қатысушыға 277 800 теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қаласында енгізілген карантинге қарамастан, ерекше қорғалатын аумақта азаматтар ойын-сауық кеші мен түнгі кино көрсетілім ұйымдастырған. Қазіргі кезде "Көк Жайлаудағы кино түнін" ұйымдастырушылар іздестірілуде. Мұндай заңбұзушылық туралы қоғам қайраткері әрі блогер Вадим Борейко әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын.

Бір қызығы, айыппұл арқалаған азамат автокөлігінің жанында тұрып түскен өзінің суретін әлеуметтік желіде жариялаған.

"Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары ерекше қорғалатын табиғи аумақта экологиялық нормаларды бұзғаны үшін аталған көлік жүргізушісіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 367-бабының 3-бөлігі бойынша 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 277 800 теңге (1 АЕК – 2 778 теңге) әкімшілік айыппұл салынды", – деді министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Сондай-ақ, министрлік өкілі Көк Жайлау аумағында ұйымдастырылған сауық кеші 24 мамыр күні өткенін айтып отыр.

"Қазіргі кезде Алматы қаласындағы карантиндік режимге байланысты экологиялық бекеттерден Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне өтуге тыйым салынған", – деді Ибраева.

Министрлік мамандарының пікірінше, жиынға қатысушылар айналма жолдар арқылы жеткен.

"Іле-Алатауы ұлттық паркінің аумағы өте үлкен. Келушілер Ақ қайың, Кім асар, Горельник және Просвещенец асулары арқылы келген болуы мүмкін. Өйткені, бұл аймақты ұлттық парк қызметкерлері бақылауға алмайды", – деп түсіндірді ол.

Одан бөлек, Көк Жайлау территориясына Казачка шатқалы арқылы да өтуге болады. Бұл жерде Казачка, Алма-Арасан, Көкшоқы ауылдары мен 5 мыңнан астам адам тұратын Арасан саяжайы орналасқан.

Оқи отырыңыз: Тоқаев "Көк Жайлау" құрылысына қатысты соңғы сөзін айтты

Айта кетейік, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі азаматтарды карантин режимін сақтауға және осыған ұқсас құқықбұзушылық деректер анықталған жағдайда 8 (727) 297 07 72 нөміріне хабарлауды сұрайды.

Тақырып бойынша

Байбек Көк Жайлаудағы курорт жайлы: Бұл химия зауыты емес
Моншадағы демалыс: жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлеріне қатысты тергеу бастады
Карантин кезінде қазақстандықтар Ораза айт мерекесін қалай қарсы алады
Алматы билігі "Көк-Жайлау" шипажайы жобасын қайта қолға алады
Кілт сөздер:
табиғат, тау, Іле Алатауы, "Көк Жайлау" курорты
Загрузка...

Басты тақырып