23:32 04 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (489)
188 0 0

Қала билігі ең алдымен қоғамдық көлікте маскамен жүруге баса назар аударып отыр, адам көп жүретін жерге барғанда да бетперде тағу міндетті

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Алматыда медициналық маскасыз жүргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл жайында қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Маска тағу режимі инфекцияны жұқтыру санын шектеу мен жағдайды тұрақтандыру үшін өте маңызды. Аудандық әкімдіктер мен полиция департаментінің барлық қызметкеріне тиісті тапсырма бердік, олар кешеден бері белсенді жұмыс істеп жатыр. Маска тақпаған адамдарға 400-ге жуық ескерту жасалды. Әзірге осы шарамен шектелеміз. Жақын арада эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, айыппұл немесе басқа да жазалау шаралары секілді әкімшілік жаза қолданатын боламыз", - деді Қожағапанов.

Айтуынша, бұл қаладағы инфекцияның таралуын тоқтату үшін қажет.

"Қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте барлық адам маскамен жүруі тиіс. Бұл ауру жұқтырып алмау үшін және біреуге жұқтырмас үшін маңызды", - деді ол.

Сонымен қатар әкім орынбасары мен қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ең алдымен қоғамдық көлікте маскамен жүру керек екеніне баса назар аударды.

Бекшиннің айтуынша, көшеде маска тағу лас қолмен бетті ұстамау үшін қажет.

"Азық-түлік базарлары, дүкендер, өзге де базарлар, дәріхана, ойын-сауық кешендеріне кірген кезде медициналық маска тағуды міндеттеп отырмыз. Себебі бұл жабық нысандар. Бұл жерде адам көп шоғырланған. Сол себепті ішкі істер органдарымен бірлесіп, әкімшілік шара да қолдана аламыз", - деді Бекшин.

Егер азамат карантин режимін бұзып, маска тақпаған болса, 5 АЕК (13 890 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Ал нысандардың басшылығы азаматтарды маскасыз кіргізуге рұқсат берсе, 15 АЕК (41 670 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді.

Оқи отырыңыз: Алматыда азық-түлік сатпайтын базарлар қашан ашылады

"Барлық нысанда маска тағуды міндеттеп отырмыз. Егер шағын бизнес болса, айыппұл көлемі – 100 АЕК (277 800 теңге), ал орта бизнеске – 200 АЕК (555 600 теңге), ірі бизнеске келер болсақ, нысанға азаматтарды маскасыз кіргізгені үшін заңды тұлғаға 500 АЕК (1 389 000 теңге ) көлемінде айыппұл салынады. Карантин режимінің сақталуы үшін осындай әкімшілік шаралар қолдануға мәжбүрміз", -  деді Бекшин.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов қоғамдық көлікте медициналық маска тағу міндеттелгенін, оны полиция департаменті мен қалалық көлік департаментінің өкілдері бақылайтынын айтты.

Айта кетейік, Алматыда коронавирус инфекциясының жұқтыру өсімі 1,7%-ті көрсетіп отыр. Қала бойынша науқастардың жалпы саны – 2 201 адам, оның ішінде 1 258 тұрғын жазылып шықты.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (489)

Тақырып бойынша

Полиция Көк Жайлаудағы отырыс ұйымдастырушыларын іздестіріп жатыр
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды
Жоспар өзгерді: Жамбыл облысында халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылмайды
Кілт сөздер:
бетперде
Загрузка...

Басты тақырып