00:05 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (489)
99 0 0

Ірі сауда, ойын-сауық орталықтарында бірнеше қызмет көрсету саласы шоғырланғандықтан, олардың жұмысына рұқсат беру түрлі кезеңнен тұрады

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы кинотеатрлардың қай кезеңде ашылатын айтты. Сондай-ақ, ол балаларды дамыту орталығының жұмысына қатысты да пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, ойын-сауық орталықтарында фут-корд жұмысын бастау туралы мәселе карантин режимін жеңілдетудің екінші кезеңінде қарастырылып жатыр.

"Ал кинотеатрлар сауда, ойын-сауық орталықтарында болғанымен, оларды ашу үшінші кезеңде басталады. Яғни кинотеатрлармен қатар, балаларға арналған ойын алаңдарының жұмысы бір-бірімен тікелей байланысты. Сондықтан қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бағамдай отырып, шешім қабылдайтын боламыз", – деп түсіндірді Бекшин.

Сонымен қатар бас санитар дәрігер балаларды дамыту орталығының жұмысына тоқталды.

"Ол жерге әдетте шамамен 5-6 бала жиналады Ал қазіргі жағдайда ол нашар желдетілетін нысандар болып саналады. Сондықтан оларға жақын байланысқа түспейтіндей жеке сабақтар қажет. Әңгіме балалар жайлы болғандықтан, бұл мәселені де маусым айының басына қалдырдық", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда барлық кинотеатр жабылады

Бекшиннің айтуынша, қоғамдық тамақтану орындары ашылғанымен, ол жерде ірі көлемдегі шаралар өткізуге болмайды.

"Бұл кезеңде мейрамханаларда қоғамдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады", – деді бас санитар дәрігер.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (489)

Тақырып бойынша

"Қазақтарды бейшара етіп көрсете береді": министр сапалы кино түсіруге шақырды
"Оскар 2019" кино жүлдесі: марапатқа лайықты фильмдер – фото
Актер Асылхан Төлепов отандық кино саласының былығын әшкереледі
Әйгілі "Ер Тұғырылдың" режиссері Қасым хан жайлы кино түсіретін болды
Қазақстанда барлық кинотеатр жабылады
Кілт сөздер:
карантин, Алматы, Жандарбек Бекшин, кинотеатр
Загрузка...

Басты тақырып