09:21 09 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (590)
127 0 0

Жұмыс беруші толық емес жұмыс кестесін енгізе алады. Ондайда еңбекақы жұмыс істеген уақытқа қарай төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі карантин кезінде қашықтан жұмыс істеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр Ақмади Сарбасовтың айтуынша, қазіргі еңбек заңнамасы аясында жұмыс беруші мен жұмысшының қарым-қатынасы жан-жақты реттелген. Заңда жұмыс орнын сақтаудың сан алуан тәсілдері бар. Соның бірі – қашықтан жұмыс істеу. Оған жұмыс беруші мен жұмысшының өзара келісімі болуы қажет. Ал жұмыс беруші барлық техникалық жағдайды жасап беруі шарт.

"Сосын жұмыс беруші толық емес жұмыс кестесін енгізе алады. Мәселен, қысқартылған жұмыс күнін, я болмаса, қысқартылған жұмыс аптасын енгізуге болады. Ондайда еңбекақы жұмыс істеген уақытқа қарай төленеді", - деді Сарбасов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, жұмыс беруші өз қызметкерлерін ақысыз демалысқа да жібере алады. Биыл осы санаттағы азаматтарға 42 500 теңге тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік 

"Бұдан бөлек, жұмыс беруші өндірістің тоқтап қалу режимін енгізе алады. Осындай жағдайда тараптар ақыны төлеу жағын өзара келіседі. Бірақ оның көлемі ең төменгі жалақыдан кем болмауы тиіс. Міне, осындай шектеулер бар. Бұның бәрін қолдануға болады. Ал тиісті органдар бақылау шараларын жүргізеді", - деп түйіндеді Сарбасов.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (590)

Тақырып бойынша

Алматыда білім саласына қатысты бірқатар шешім қабылданды
Президент төтенше жағдайдан кейін қандай өзгеріс болатынын айтты
"Самұрық-Қазына" қоры қашықтан жұмыс істеуді жалғастыра беретінін мәлімдеді
Жұмысынан айырылған қазақстандықтар мемлекеттен әлеуметтік төлем алады
Кілт сөздер:
карантин, жұмыс, вице-министр
Загрузка...

Басты тақырып