00:09 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1067)
2631 0 0

Министр Қазақстанда жеңіл ауыратын, сырқаттың белгілерін сезбейтін науқастар да есепке алынатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған адамдардың күрт көбею себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін тіркелген науқастардың басым бөлігі – 85 проценті жеңіл ауырған, сырқаттың белгілері болмаған. Ал кейбір мемлекеттерде ондай науқастарды есепке алмайды.  

"Өкінішке қарай, бүгінде кейбір мемлекеттерде бұл науқастарды жалпы статистикаға кіргізбейді. Бірақ олай істеген дұрыс емес деп ойлаймыз. Қазақстандағы тәртіп бойынша барлық науқасты есепке алып отырамыз. Содан науқастардың өскенін көріп жатырмыз", - деді Біртанов бүгінгі онлайн брифингте.

Министр бұл шараның негізгі мақсаты аурудың таралуының алдын алу екенін атап өтті. Себебі ондай науқастарды тауып, оқшауласа, эпидемияны тоқтатуға мүмкіндік бар.

Оның айтуынша, ауру белгілері жоқ адамдар да инфекцияны басқарларға жұқтырады. Сол себепті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы санаттағы науқастарды оқшаулауға кеңес беріп отыр.  

Оқи отырыңыз: Коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 9 мыңнан асты 

"Бұрын біз оларды ауруханаға жатқызсақ, қазір мүмкіндік болса, үйінде немесе арнайы карантиндік стационарларға жатқызып, басқалардан алшақ ұстауымыз қажет", - деп түсіндірді ол. 

Біртановтың дерегі бойынша Қазақстанда тіркелген барлық науқастың 13 проценті, яғни 543 адам орташа жағдайда болса, 1,5 проценті – 58 науқас ауыр жағдайда жатыр. 19 адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін республика бойынша 9 304 науқас тіркелді. 4 613 адам жазылып шықса, 37 науқас қайтыс болды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1067)

Тақырып бойынша

Бас санитар дәрігер блок бекеттердің қандай жағдайда алынатынын айтты
Індеттен көз жұмғандар жерленген зиратта 32 қабір бар – әкімдік жағдайды түсіндірді
Індет жұқтырғандар саны артып барады – Тоқаев
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Қазақстанда коронавирустан екі адам қайтыс болды
Кілт сөздер:
Біртанов, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып