17:11 14 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD411.66
  • EUR465.92
  • RUB5.81
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1752 0 0

Қазақстан президенті жаңа заң азаматтардың бейбіт жиындар өткізу құқығын толық қамтамасыз ететінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында бейбіт митингілерді өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Президент бүгінге дейін атқарылған жұмыстың нақты нәтижесі бар екенін атап өтті.  

"Бірер күн бұрын Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы жаңа заңға қол қойдым. Бұл құжаттың басты ерекшелігі, бұдан былай бейбіт жиналыс өткізу үшін рұқсат алу қажет емес. Оны алдын ала ескертіп, өткізуге болады", - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, жаңа заң азаматтардың бейбіт жиындар өткізуге конституциялық құқығын толық қамтамасыз етеді.

"Саяси реформалардың бірінші топтамасына кіретін басқа да заң жобалары әзірленіп жатыр", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.

Тақырып бойынша

Мәжіліс митинг туралы заң жобасына сенат енгізген өзгерістерді мақұлдады 
Полиция Алматы автовокзалындағы "митинг" туралы видеоның авторын анықтады
"Саяси реформа жүргізуге құлықсыз": саясаттанушылар парламенттік оппозиция туралы айтты
Сенат сайлау және саяси партиялар туралы заңдарды қабылдады
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, митинг
Загрузка...

Басты тақырып